Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ертең – ауыл әкімдерін сайлау! - АРҚА АЖАРЫ

Ертең – ауыл әкімдерін сайлау!

25 шілде, жексенбі күні еліміз бойынша алғаш рет аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау өтеді. Бұл – Қазақстанның қоғамдық саяси-өміріндегі маңызы зор оқиға. Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуовтың айтуынша, әкімдерді сайлау облысымыздың барлық аудандарын қамтып отыр.

Үстіміздегі айдың 23-і күні әкім сайланудан үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын аяқтады. Сайлауға бір күн қалғанда ешқандай үгіт шаралары өтпейді. Облыстық сайлау комиссиясының мәліметтеріне сүйенсек, Ақмола облысының 95 сайлау округіне ұсынылған 318 кандидаттың 303-і тіркеуден өткен. Оның 93-і саяси партиялардан, 210-ы өзін-өзі ұсынғандар.
–Орташа бәсекелестік 3,2 адамды құрайды. Кандидаттардың ең көп саны – Ерейментау қаласында, Қорғалжын ауданының Сабынды селолық округінде, Шортанды ауданының Бозайғыр селолық округінде бес үміткерден келеді. 12 сайлау округінде 4 кандидаттан, 80 округте 3 кандидаттан келеді. Алты саяси партия 85 сайлау округі бойынша кандидаттарын ұсынды. Атап айтқанда, «Nur Otan» партиясынан 76 кандидат, «Ауыл» халықтық демократиялық саяси партиясынан 2 кандидат, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясынан 6 кандидат, «ADAL» саяси партиясынан 2 кандидат, Қазақстан Халық партиясынан 13 кандидат, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан 1 кандидат ұсынылды. Сөйтіп, 85 сайлау округі бойынша «Nur Otan» партиясынан 76, «Ауыл» халықтық демократиялық саяси партиясынан 2, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясынан 5,
«ADAL» саяси партиясынан 2, Қазақстан Халық партиясынан 7, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан 1 кандидат тіркелді, – деді Манарбек Айдарбекұлы.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар