Көшесі бар жақсылардың бұл елде

Ақмола облысының мемлекеттік архиві «Көкшенің біртуар тұлғалары» атты жинағын шығарды. Бұл жинақ оқырмандарды Көкшетау қаласының көше атауларына Ақмола облысы мен мемлекетіміздің тарихында із қалдырған және көшелерге есімдері берілген біздің жерлестеріміздің өмірбаянымен таныстырады.

Кітапта Ақмола облысының мемлекеттік архивінің, Көкшетау қаласы архивінің архивтік құжаттары, Ақмола облысы тарихи-өлкетану музейінің, Көкшетау қаласының тарих музейі, Әдебиет және өнер музейлерінің материалдары, сонымен қатар, Ақмола облыстық мәслихат және әкімдіктің қаулылары мен шешімдері, қосымша мерзімдік басылымдар қолданылды.
Көше атаулары – бұл жерлестерімізге тағзым ету. Біздің жеріміз дарынды адамдармен толы және елімізге ұлы хандарды, батырларды және шығармашылық адамдарды табыс етті. Әр жылдарда көше атауларына тарихи тұлғалардың, Кеңес үкіметін орнатушылардың, Кеңес Одағы Батырларының есімдері, тың озаттары, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, белгілі жазушы, ақындардың және тағы басқалардың есімдері берілді. 1991 жылы Тәуелсіздік алғаннан кейін, қаланың көше атаулары Ақмола облысының тарихымен байланысты көрнекті тұлғалардың есімдеріне өзгертілді.
Басылымның басты мақсаты оқырманды мемлекетіміздің және облыстың мәдени және әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан адамдардың өмір жолымен таныстыру. Өз туған жеріңнің тарихын білу, өткенге құрмет көрсету болып табылады. Аталмыш жинақ оқырманның ой-өрісін кеңейтіп, тарихтан білімін тереңдетеді. Осы кітапқа енген есімдердің тарихын білу қажет, өйткені, олар уақыт сынағынан өткен, құрметке ие жандар.
Кітап Ақмола облысының мемлекеттік архив қызметкерлерімен дайындалып, онда барынша біздің жерлестеріміздің есімдері енгізілді. Басылым мектеп оқушылары, студенттер, тарихшылар, зерттеушілер және ауқымды оқырман қауымына арналған.
Тәуелсіздік қарсаңындағы ен алғашқы жаңалықтарды еске алсақ, Көкшетау қалалық кеңесі сессиясының 1991 жылғы 16 шілдедегі № 72-6 шешіміне сәйкес Коммунистік даңғылының атауы – Абылай хан болып өзгертілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар