Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мамандандырылған соттардың қарауына жатпайтын азаматтық істер туралы - АРҚА АЖАРЫ

Мамандандырылған соттардың қарауына жатпайтын азаматтық істер туралы

Күнделікті жұмыс тәжірибемде мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар соттылығына жатпайтын азаматтық істер бойынша талап арыздарын кері қайтару мәселесі жиі туындап тұрады. Осындай жағдайлардың алдын алу және болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 27-бабының 1 бөлігіне сәйкес, қандай азаматтық істердің мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар соттылығына жатқызылатыны туралы талап қоюшыларға айтып өткім келеді.

1.Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар, басқа соттың соттылығына жататындығы заңда айқындалған істерді қоспағанда, тараптары заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар болып табылатын мүлiктiк және мүлiктiк емес даулар бойынша, сондай-ақ корпоративтік даулар бойынша азаматтық iстердi қарайды және шешеді.

Корпоративтік дауларға олардың тарапы коммерциялық ұйым, коммерциялық ұйымдар қауымдастығы (одағы), коммерциялық ұйымдар және жеке кәсіпкерлер қауымдастығы (одағы), Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым және оның акционерлері (қатысушылары, мүшелері), оның ішінде бұрынғы акционерлері (бұдан әрі – корпоративтік даулар) болып табылатын:

1) заңды тұлғаны құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға;

2) өзіне акционерлік қоғамның акцияларын, шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін, кооперативтер мүшелерінің пайларын қамтитын мұраға қалдырылған мүлікті бөлуге немесе ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлуге байланысты туындайтын дауларды қоспағанда, акционерлік қоғамдар ақцияларының, шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің, кооперативтер мүшелері пайларының тиесілілігіне, олардың ауыртпалықтарын анықтауға және олардан туындайтын құқықтарды іске асыруға, оның ішінде олармен жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тануды;

3) лауазымды адамдардың, құрылтайшылардың, акционерлердің, қатысушылардың (бұдан әрі – заңды тұлғаға қатысушылар) және өзге де тұлғалардың әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) заңды тұлғаға келтірілген залалдарды өтеу туралы талаптарға;

4) мәмілелерді жарамсыз деп тануға және (немесе) осындай мәмілелердің жарамсыздығының салдарларын қолдануға;

5) заңды тұлғаның басқару органдарының құрамына кіретін немесе кірген адамдарды тағайындауға немесе сайлауға, өкілеттіктерін тоқтатуға, тоқтата тұруға және олардың жауаптылығына, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға, тоқтатуға, тоқтата тұруға байланысты осындай адамдар мен заңды тұлға арасындағы азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын дауларға;

6) бағалы қағаздар эмиссиясына;

7) акцияларға және өзге де бағалы қағаздарға құқықтарды ескере отырып, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінің жүргізілуіне, сондай-ақ бағалы қағаздарды орналастыруға және (немесе) олардың айналымына байланысты дауларға;

8) акциялар эмиссиясын мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тануға;

9) заңды тұлғаға қатысушылардың жалпы жиналысын шақыру мен өткізуге және онда қабылданған шешімдерге;

10) заңды тұлғаның басқару органдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айтуға байланысты даулар жатады.

1-1.Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын және банк конгломератына бас ұйым ретінде кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту және олардың банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы істерді де қарайды.

Ж. Ділдабаева,

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты кеңсесінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар