Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімімен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевпен өңірді дамытудың өзекті мәселелерін телефон арқылы талқылады.

Мемлекет басшысына облыстың бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары баяндалды. Ауыл әкімдерін сайлауға дайындық барысы да пысықталды. Жалпы, облыс бойынша алдағы сайлауда 95 әкім сайланады. Бұған қоса, әкім Президентке егіннің жағдайы және жемшөп дайындау мәселелері туралы айтты.

Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар