Ақмола облысының әкімдігі орталықтандырылған газбен жабдықтауға қосылған көп пәтерлі тұрғын үйлердің барлық тұрғындарын хабардар етеді!
«Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚРЗ 19-бабына сәйкес, коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді жүзеге асыратын газ тарату немесе газ желісі ұйымымен не газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған, мамандандырылған тәуелсіз ұйыммен өздеріне тиесілі газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті.
Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасаспай, оларды пайдалануға тыйым салынады.
Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне, газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйым олардың техникалық жарамды күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті.
«Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚРЗ 28-бабына сәйкес сұйытылған мұнай газын тұтынушыларға топтық резервуарлық қондырғылар арқылы бөлшек саудада өткізу тұтынушы мен газ желісі ұйымының арасындағы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу шартының негізінде жүзеге асырылады.
«Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚРЗ 28-б. 7-т. 1-тармақшасына сәйкес екі қабаттан асатын көп пәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын сақтауға және (немесе) пайдалануға тыйым салынады.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 306-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзу жеке тұлғаларға – жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2021 жылға 20419 теңге).
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2021 жылға 29170 теңге) айыппұл салуға әкеп соғады.
Сонымен қатар, «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) мақсаттары, тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізу және реттеліп көрсетілетін қызметтердің тұтынушылар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Бұдан әрі, Заңның 24-бабы, 10-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділік ұсынылған кезде табиғи монополия субъектісіне реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең емес жағдайларын жасауға тыйым салынады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы №58 бұйрығына 5-қосымшамен Топтық резервуарлық қондырғыларды пайдаланудың көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шарт бекітілді, онда 6-тараудың 10-тармағында тараптарға Тараптардың құқықтарын шектейтiн не өзгеше түрде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын iс-қимыл жасауға тыйым салынады деп көзделген.
Бұдан басқа, барлық тұтынушыларды газды беру мен таратудың бірыңғай жүйесінен ажырату туралы шешім қабылдаған кезде кәсіпорындар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 170-бабының 3-тармағын басшылыққа алуы қажет, онда Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын есепке алу және (немесе) өткізу тәртібін бұзу:
– шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес,
– орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу,
– ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келетіні анық белгіленген.
Орталықтандырылған газбен жабдықтауға қосылу мәселелері бойынша тиісті қызмет көрсету ұйымына жүгіну қажет.