Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әр адам індеттен барынша сақтануы керек - АРҚА АЖАРЫ

Әр адам індеттен барынша сақтануы керек

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингте Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина осыны мәлімдеді. Өйткені, облыста коронавирус инфекциясының таралуы бойынша өте күрделі жағдай қалыптасуда. Індет күн сайын өршіп барады. Тәулігіне 230-дан астам адамның аты жаман дертке ұшырауы соның айғағы.

Індет бұлай кете берсе, науқастарды емдейтін стационарлар ашылғанымен оларға медициналық көмек көрсететін мамандар қызметкерлеріміз жетпей қалуы мүмкін. Сондықтан, карантиндік шектеулер мен талаптар алдағы уақытта тағы да күшейтіледі. Қазақстан коронавирусты жұқтыру деректері бойынша дүниежүзінде екінші орында тұрғаны белгілі. Өкінішке орай, елде індет өрши түскенін жұқтырушылар санының күрт өсіп, 7,5 есеге дейін көбейгенінен-ақ көруге болады. Ақмола облысында да жағдай өте қиын. Аймақ 2 шілдеден бері «қызыл» аймақта.
–Тек қана шілде айында 4408 жағдай зертханалық жолмен расталып отыр. Бұл маусым айындағы көрсеткіштен 2,5 есеге дейін көп. Індет басталғалы 28 мыңнан астам адамнан коронавирус зертханалық жолмен расталды. Ең көп өсім Көкшетау қаласында –3,6, Бурабай ауданында – 2,8, Степногорскіде – 8, Бұланды ауданында –2 есеге, Целиноградта – 6 есеге дейін көбейген. Облыста өткен тәулікте 238 адамнан індет жұқтыру фактісі зертханалық жолмен анықталды, олардың 91 пайызында коронавирус симптомды түрде өтуде. Облыстың жұқпалы аурулар стационарларында тек шілде айында 165 адам індеттен көз жұмған. Соңғы тәулікте 6 адам осы індеттің құрбаны болды, –дей келе бас санитарлық дәрігер стационарлардағы төсек орындар саны 35-тен 61 пайызға дейін артқандығын тілге тиек етті.
Бүгінде 88 адам реанимацияда жатса, 6-уының жағдайы аса ауыр халде екен. Реанимациялық төсек-орындардың толымдылығы бо-
йынша Ақмола облысы республикада 4-ші орында. Бұдан жағдайдың аса күрделі екендігін көруге болады. Сондай-ақ, өңірде 112 жүкті әйел аты жаман індеттен ем қабылдауда, олардың 52-сі жұқпалы аурулар стационарларында медицина қызметкерлерінің бақылауында.
–Науқастар арасында жастар жағы, әсіресе, жұмыс істеп жүргендер көп. Солардың ішінде 60 жасқа дейінгілер ауырғандардың 76 пайызын құрауда, 14 пайызы 18-ге дейінгі жастар мен жасөспірімдер, сонымен бірге 1 жасқа келмеген 150 сәбиден де індет анықталды, –дейді Айнагүл Мусина.
Брифинг барысында вакцинация мәселесі де талқыланды. Өңірде вакцинациялау бойынша халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру шаралары белсенді жүргізілуде. Бүгінде облыс бойынша вакцина алуға жарамды 411 мың адамның 50 пайызы екпенің алғашқы компонентімен қамтылған, 32 пайызы екінші бөлігін де алыпты.
–Ұжымдық иммунитет қалыптасу үшін облыс тұрғындарының 60 пайызы вакцина алулары тиіс. Вирусқа қарсы екпе алғанның пайдасы зор. Бүгінде алғы шепте жұмыс істеп жүрген вакцина алған медицина, полиция қызметкерлері мен мұғалімдер арасында коронавирус жұқтырғандар тіркелген жоқ. 10-тамыздан 1-қыркүйекке дейінгі аралықта қызмет көрсетуші органдардың қызметкерлері облыста бар 4 вакцинаның бірінің екі компонентін алулары тиіс, –деген Айнагүл Советқызы облыста карантиндік шектеулерді сақтау бойынша мониторингтік топтар жұмыс істеп жатқандығына, «Ashyq» қосымшасының тиімділігіне тоқталды.
Өткен аптада 449 нысанға мониторингтік топ барып, солардың 9-ында санитарлық және карантиндік талаптардың бұзылу фактілері анықталып, оларға 2 миллион теңгені құрайтын 17 айыппұл түрі салыныпты. Брифингте алдағы күндері карантиндік шектеулерді күшейту бойынша жаңа қаулы дайындалып жатқандығы да ескертілді.
Сонымен бірге, бұл брифингте Ақмола облыстық кәсіпкер палатасы басшысының орынбасары Расул Сыздықов, облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Жаслан
Айдрахманов, полиция департаментінің жерлігікті полиция қызметінің бастығы Серік Баймұқанов та қатысып, әркім өз салаларындағы коронавируспен күрес бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айтып берді.
БАҚ өкілдері тарапынан қойылған оқушыларды вакцинациялау мәселесі жөніндегі сауалға облыстың бас санитарлық дәрігері:
–Қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдерді, сонымен бірге жүкті әйелдерді індеттен қорғау үшін қажетті вакцина елімізде әзірше жоқ. Алдағы уақытта «Pfizer» вакцинасы жеткізілетін болса, онда 14 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерді, иммунитеті әлсіз адамдарға салынады, –деп жауап берді. Сонымен бірге, «Ashyq» қосымшасын дұрыс қолданбай, өз пайдалары үшін ғана қойып алған кәсіпкерлердің нысандарын 1 айға дейін жауып тастауға ұсыныстар жасалып жатқандығы да айтылды.
Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар