Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жол бойындағы тәртіп баршамызға зор жауапкершілік жүктейді - АРҚА АЖАРЫ

Жол бойындағы тәртіп баршамызға зор жауапкершілік жүктейді

Ақмола облыстық көліктік бақылау инспекциясы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органы болып табылады және көліктік бақылау органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді. Инспекцияның негізгі міндеті сан салалы.

Атап айтқанда, әуе және құбыржол көлігін қоспағанда, көлік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу, сондай-ақ, өз құзыреті шегінде көліктің және оның өмірлік циклі процестерінің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Сондай-ақ, біздің мекеме функцияларының бірі – өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының көлік заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру.
Инспекция тарапынан бірқатар жұмыс атқарылды. Мәселен, «Назар аударыңыз, қауіпті жүк!» науқаны ұйымдастырылды, оның қорытындысы бойынша 200-ден астам автокөлік құралдары тексеріліп, 30 ереже бұзушылық анықталды, қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 15 әкімшілік материал толтырылды. Салынған айыппұл сомасы 831 мың теңгені құрайды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жергілікті полиция қызметі, «Арқа ажары» газеті сияқты мүдделі органдармен бірлесіп «Жолдағы қабылдау» науқаны өткізілді, оның мақсаты тасымалдаушыларға көлік заңнамасын, жүргізушілердің құқықтары мен міндеттерін және жүк тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті түсіндіру болып табылады. Ауыр жүк көліктерінің жүріп-тұру ережесінің бұзылуын анықтау бойынша жұмыс күшейтілді. «Назар аударыңыз, ауыр салмақты көлік!» науқаны аясында облыстың автожолдарында ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп өтуіне бақылау күшейтілді. 221 жүк көлігі тексерілді, оның ішінде 27 АКҚ рұқсат етілген салмақ параметрлері талаптарын бұза отырып тасымалдауды жүзеге асырғаны анықталды.
Аталған факті үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 571-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 13 миллион теңге сомасына айыппұл салынды, 2,8 миллион теңге сомасына алым өндірілді. Сонымен қатар, жүк жөнелтушілер жауапкершілікке тартылды, айыппұл сомасы 3,9 миллион теңгені құрайды. Кең таралған табиғи қазбалар кеніштерінен 100-ден астам ауыр салмақты көлік құралдарының өтуіне жол берілмеді. Жеке, заңды тұлғалардан және жергілікті атқарушы органдардан келіп түскен өтініштер бойынша облыс аудандары мен келесі: Волгодоновка кенті, Қорғалжын ауылы, «Нұр-Сұлтан –Қабанбай батыр – Теміртау» (Қосшы ауылы), «Нұр-Сұлтан – Қорғалжын» (Қараөткел ауылы) және «Екатеринбург – Алматы» (Талапкер ауылы), «Щучинск – Степняк – Уәлиханов», «Макинск – Ақсу» автожол учаскелеріне сапарлар ұйымдастырылды. Жүргізілген рейдтік іс-шаралар бойынша ауыр жүк таситын автокөлік құралдарының жүріп өту фактілерінің жолы кесілді, сонымен бірге ауыр жүк таситын автокөлік құралдарының жүріп өту ережелерін бұзған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен барлық өтініштер бойынша көліктік бақылау бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ, автокөлік құралдарын тиеу кезінде рұқсат етілген салмақтық параметрлерден асып кетуге жол берген жүк жөнелтушілер ҚР ӘҚБтК-нің 579-бабының 9-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ақмола облыстық көліктік бақылау инспекциясына жүктелген функцияларды іске асыру мақсатында кеніштерге жақын республикалық автожол учаскелерінде көліктік бақылау бойынша жұмыс ұйымдастырылды. Көліктік бақылау инспекциясы осы жұмысты одан әрі жалғастырады, сондай-ақ, жүк көлік құралдарының, автобустар мен таксилердің жүріп өтуіне көліктік бақылау да күшейтілетін болады. Біз автомобиль, темір жол және су көлігі саласындағы бақылауды жүзеге асырамыз. Ұжымда өздеріне жүктелген функцияларды орындайтын 34 қызметкер жұмыс істейді. Инспекция құрылғаннан бері көліктік бақылау саласында үлкен жұмыс және реформалар жүргізілді, бұл жалпы ел экономикасына және жалпы көлік-коммуникация кешенінің дамуына оң және тиімді әсер етті. Ақмола облысы көлік-коммуникация кешенінің дамуына, сондай-ақ, инспекцияның жас мамандарының өсуіне ерекше үлес қосқан бірнеше әріптестерімізді ерекше атап өткім келеді. Солардың бірі – Қанат Құлжанов 1961 жылы 2 ақпанда Целиноград ауданының Кеңес ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Целиноград ауданы Воздвиженка ауылындағы орта мектепте ауыл шаруашылығы машиналарын өндірістік оқыту шебері болып бастаған. Ақмола облыстық көліктік бақылау инспекциясындағы еңбек жолын 2000 жылы автожолдардағы бақылау бөлімінің бас маманы болып бастады.
Инспекция жұмысына қосқан үлесі және жоғары кәсібилігі үшін қызметін өсіруге қол жеткізді, 2008 жылы инспекция басшысы болып тағайындалды. Өзінің үлгі-өнегесімен жас мемлекеттік қызметшілерді еңбекқорлыққа және өз ісінің шебері болуға үйретті. Еңбек жолында ондаған маман тәрбиелеп, әріптестерінің адал тәлімгері болды. Өкінішке орай, Қанат Құлжанов 2020 жылдың 10 шілдесінде өмірден озды. Нағыз бастамашыл тұлға туралы жарқын естелік оның жақындарының, достарының, әріптестері мен тәлім алушыларының жүрегінде мәңгі сақталады. Көліктегі бақылау бөлімінің бас маманы Рымбек Абдықалық 1961 жылы 12 сәуірде туған. Өзінің еңбек жолын 2000 жылдың мамыр айында Ақмола облыстық көліктік бақылау инспекциясында бастады. Бүгінгі күні осы мекемеде еңбек етуде. Өз жұмысында нағыз кәсіпқой болып танылды. Қызметкерлер арасында лайықты құрметке ие. Оның омырауында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне 20 жыл» мерекелік медалі және «Құрметті автомобилист» белгісі жарқырайды. Сондай-ақ, көліктегі бақылау бөлімінің бас маманы, «Құрметті автокөлікші» төсбелгісінің иегері Динара Қазбекованың, Көліктегі бақылау бөлімінің бас маманы, бірнеше мәрте Құрмет грамотасымен марапатталған Ботажан Ахметовтың есімін атап өткен жөн. Инспекцияның беделін нығайтуға үлес қосқан және олардың еңбегінің арқасында Министрлік пен Қазақстан Республикасы Үкіметі қойған міндеттердің нәтижелеріне қол жеткізген аға ұрпақтың жетістіктері мен табыстарын инспекция басшылығы мен ұжымы олардың еңбегін лайықты бағалап, жұмыста алған тәжірибесін өздеріне үлгі-өнеге етеді.
Көкшетау қаласында орналасқан университеттердің студенттеріне практикалық көмек көрсетіледі. Ш.Уәлиханов және А.Мырзахметов атындағы университет түлектері инспекцияға жұмысқа алынады. Осылай жас мемлекеттік қызметшілердің кәсіби тәжірибесін арттыру жұмысы жүргізіледі. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – тұжырымдамасын іске асыру мақсатында біз ел азаматтарына автомобиль, темір жол және су көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету, жүктерді, жолаушылар мен қол жүгін тасымалдау қағидаларының тәртібі туралы және басқа да мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетуге дайынбыз. Консультативтік көмек алу үшін азаматтар мына мекенжай бойынша хабарласа алады: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 87, 4 қабат, телефон: 250784, 250646, эл.адресi.kadry.akmola@miid.gov.kz
Биылғы жылғы мереке 1 тамызда аталып өтіледі. Бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, өз әріптестерімді көлік қызметкерлері күнімен құттықтағым келеді. Оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасының амандығын, еңбегінің жемісін тілеймін.
Мейрам КӨНЕРҚАЗОВ,
Ақмола облыстық көліктік бақылау инспекциясының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар