Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ел экономикасының бір жанды тамыры – темір жол - АРҚА АЖАРЫ

Ел экономикасының бір жанды тамыры – темір жол

«Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалдау» серіктестігінің филиалы – Ақмола жүк тасымалдау бөлімшесі биылғы жылдың алты айындағы техникалық жоспар бойынша 16 негізгі көрсеткіштің жетеуін орындады.

Темір жол ел экономикасының күре тамыры. Осы орайда, біз үзіліссіз жұмыс істейміз. Вагонға 100,6 пайыз статисткалық күш түсті. Локомотивтің орташа тәуліктік өнімділігі 101,8 пайызды құрады. Локомотивтің орташа тәуліктік жүруі 101,0 пайыз болды. Техникалық жылдамдығы 100,2 пайызды, жергілікті вагон айналымы 106,6 пайызды, жүк пойызының орташа салмағы 100,6 пайызды құрады. Жүк вагондарының жүксіз жүруінің пайызы жүк салынған вагондарға қарағанда 102,0 пайыз болды. Поезд бен рейстік қозғалысының варианттық кестесін орындау 70 пайыздан артық болды. Бұл тиісті деңгейден артық. Бөлімше үшін үлкен маңызға ие қозғалыстың қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселесі бар. Бұл бағыттағы жұмысты жақсарту үшін бірінші жартыжылдықта қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша бірқатар айлықтар жүргізілді.
Екінші жартыжылдықтағы жұмыс тиімділігін арттыру бойынша шаралар жоспарланды. Атап айтқанда, вагон паркін пайдаланудың, жүктер артудың жоспарлы көрсеткішін орындап, өзге де пайдаланылатын көрсеткіштердің тиімділігіне, үзіліссіз және қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жоспарын орындауға, одан әрі Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінің жұмысын жетілдіруге қол жеткізуді көздейді.
Сондай-ақ, биылғы жылға жоспарланған бөлімше алдында тұрған мақсат пен міндетті абыроймен атқару қажет. Бүгінгі күні филиалдың негізгі басымдық міндеттерінің бірі қозғалыс пен өндірістік қауіпсіздікті, шығынды оңтайландыруды, еңбек өнімділігін арттыруды, көрсеткіш сапасын жақсартуды, контейнерлік поездардың бағыттық жылдамдығын арттыруды, сондай-ақ, басқарманың автоматтандырылған жүйесін дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.
Төл мереке қарсаңында Жаңаесіл станциясының басшысы Ибрагим Шаймерденов пен Астана станциясындағы техникалық қызмет көрсету бекетінің басшысы Қойшыбай Смағұлов «Құрметті теміржолшы белігісімен» марапатталды. Қойшекең жөнінде аз-кем айтатын болсақ, ол өзінің темір жол саласындағы еңбек жолын 1985 жылы бастады. Алғашында қарапайым слесарь, кейін аға вагон қараушы, вагон шебері болып еңбек етті. 2007 жылдан бері бас парк болып саналатын Астана станциясындағы вагондарға техникалық қызмет көрсету бекетінің басшысы болып келеді.
Басшы осы жылдары өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарды. Оның еңбекқорлығы мен іскерлігін, талап қоя білетінін, адамдармен тез арада тіл табысатынын басшылар мен әріптестері жоғары бағалайды. Қойшыбай Смағұлов бас жолаушы паркінің жұмысын басқарады. Ол бірнеше мәрте грамотамен және Алғыс хаттармен марапатталған. «Кәсібі бойынша үздік» атағы екі рет берілді. Өзінің еңбек жолында 30 шәкіртке өз тәжірибесін сіңірді. Оның омырауында бірнеше медальдар мен төсбелгілер жарқырайды. Жаңаесіл станциясының басшысы Ибрагим Шаймерденов Целиноград құрылыс техникумын 1984 жылы бітірген соң еңбек жолын Тың темір жолындағы Новоишим дистанциясының монтеры болып бастады. Кейін жол бригадирі, жол шебері, осы станция басшысының орынбасары міндетін атқарды. Бірнеше мәрте Солтүстік Қазақстан облысы мен аудан әкімдігінің, компания басшылығының грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды. 2019 жылы «Темір жол станциясының үздік бастығы» атағы берілді. Оның омырауында да бірнеше ордендер, медальдар мен төс белгілер жарқырайды. 2015 жылы сайлауға белсенді қатысқаны үшін Елбасының Алғыс хатымен марапатталды. 2018 жылы әлеуметтік және қоғамдық жұмыстағы үлкен нәтижесі үшін халықаралық энциклопедияға енгізіліп, 1 дәрежелі диплом мен орден табысталды. Бүгінгі күні Ибрагим Шаймерденов Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Құрметті азаматы. Оның еңбекқорлығын, іскерлігін, талапкерлігін және адамгершілігін әріптестері өздеріне үлгі-өнеге етеді. Беделді басшы өзінің білімі мен тәжірибесін жас тәрбиешілерге үйретуден жалыққан емес. Сондықтан болар ұжымның жұмысында ақау, апат, өндірістік жарақат, еңбек тәртібін бұзу деген мүлдем болған жоқ. Сөз соңында бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, барлық әріптестерімді Көлік қызметкерлері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасының амандығын, еңбегіңіздің жемісін тілеймін. Қазақстанның көлік саласы серпінді әрі тұрақты дамып, гүлдене берсін!

Айнабек ЖҰҚАШЕВ,
«Қазақстан темір жолы –
Жүк тасымалдау» серіктестігінің филиалы – Ақмола жүк тасымалдау бөлімшесінің директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар