Маңғыстауға мал азығы жөнелтілді

Көп түкірсе-көл, демекші еліміздің батыс аймағындағы куаншылық мал басының күрт төмендеуіне әкелмеуі үшін түрлі шаралар жасалуда екенін басылымдар мен телехабарлардан білудеміз.

Оңтүстік өңірінің азаматтары Құрмет пен Азамат жаз айларының келуімен батысқа мал азығын жіберуді қолға алған болатын. Осындай бастаманы қолдай отырып Атбасар қаласының «Ляззат Констракшн» ЖШС-нің директоры Ляззат Данақызы Кулбаева барлық ұйымдастыру мәселелерін өзінің қолына ала отырып жеткілікті қаражат бөлді. Көрші Қостанай облысы Әулиекөл ауылы азаматтарының күшімен 15300 тонна немесе 1020 орама шөпті екі КамАЗ-ға тиеп, ҚТЖ Ақмола бөлімшесінің Атбасар станциясына жеткізді. Қуаншылық болған өңірге арналған шөпті 2 вагонға тиеп осы жылдың 30 шілдесінде жөнелтті.
Бұл игі істі жүзеге асыру барысында «Ляззат Констракшн» ЖШС қызметкері Әділхан Әмірсейітов үлкен азаматтық танытып, мал азығын Торғай өңірінен жинап теруді ұйымдастырып, Атбасарға екі үлкен жүк көлігімен жеткізуді ұйымдастырды. Атбасар станциясының басшылығы келген шөпті тиісті орнына жөнелту үшін 2 вагон бөліп, сонымен бірге қаржылық жеңілдіктер жасап, тиісті құжаттарын ресімдеуде қолдау көрсетті. Осы жерде істің басы қасында Атбасар станциясы бастығының міндетін атқарушы Ескендір Ізбасаров болып, өзінің үлесін қосты. Атбасар ауданының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының төрайымы Роза Тасмағамбетова келіп қолдау көрсетті.
Осы ізгі ниеттегі істі басынан аяғына дейін жеткізу үшін 1 миллион 300 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат ЖШС «Ляззат Констракшн» есебінен бөлінді. Ал аса құнды жүк – мал азығы 3 күнде батыс аймағына жеткізіледі деп сендірді теміржолшылар. Халқымыздың ұл-қыздарының жомарттығына, қолының ашықтығына, қысылтаяңда шетте қалмай игі іске кірісіп кеткеніне қалай сүйсінбейсің!
Өмірсерік ШАЙХИН.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар