Әрбір аудан өз мүмкіндігін пайдалануда

Аршалы. Ауданда 15,3 мың мал бағылады. Әр мал басына 2,3 тонна шөп керек. Өңірдегі ауыл шаруашылығы малын қыстатуға 39,2 мың тонна шөп дайындауды жоспарлаған болатын. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Рахат Мусиновтың айтуынша, өткен жылғы қыс айларынан 4,7 мың тонна шөп қалған екен. Шөп науқаны барлық селолық округтерде және ірі мал шаруашылығы кәсіпорындарында жүргізілуде. Шөп шабу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің пайдаланылмайтын жайылым жерлері бөлініп берілуде. Тұрғындарға орман шаруашылығы аумағында және жер қорында шөп дайындау мүмкіндігі ұсынылды. Ауыл тұрғындарына орақ жұмысынан кейін алқаптан сабан жинау мүмкіндігі беріледі. Аршалы ауданы бойынша бүгінгі күні 27,8 мың тонна шөп дайындалды. Бұл жоспардың 70,8 пайызы. Шөп дайындауға 24 пішеншілер бригадасы, 65 трактор, 10 комбайн, 51 тырма, 29 шөп буғыш тартылған. Сондай-ақ, бұл өңір 15,0 мың тонна сабан, 1,5 мың тонна жемшөп, 600 тонна сүрлем дайындауды жоспарлапты. Аудандағы 5,6 мың гектар алқапта біржылдық шөп өсіп тұр. Гектар берекесі 5-6 центнерден айналуы мүмкін. Мал азығымен қамтамасыз ету мәселесі аудан әкімдігінің және ауыл шаруашылығы бөлімінің тұрақты бақылауында тұр.

Біржан сал. Бүгінгі күні бұл өңірде алдағы қыс айларына мал азығымен қамтамасыз ету жұмысы қызу қарқын алған. Жазда барлық санаттағы шаруашылықтар 74,9 мың тонна шөп дайындаулары қажет. Биыл маусым мен шілде айлары өте ыстық болды. Соның салдарынан шөп селдір боп шықты. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жұмабек Әубәкіровтың айтуынша, өткен жылғы қыс айларынан 10 мың тонна шөп қалған екен. Жергілікті ауыл әкімдері әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарды шөппен қамтамасыз ету үшін ірі серіктестіктермен келісіп, 69 адамның тізімін жасапты. Қазір шөп дайындауда 256 трактор, 176 шалғы және 161 тырнауыш техникасы пайдалануда. Биыл арпа мен бидайдың сабаны 3 есе көп болады. Бүгінгі күні аудан бойынша 34,7 мың тонна шөп дайындалды. Бұл белгіленген жоспардың 46,3 пайызы. Сондай-ақ, аудан аумағындағы 10,9 мың гектар алқапта біржылдық шөп өсіп тұр. Оның 9,4 мың гектары «Баймырза Агро», «ҚазГер», «ҚозыКөш», «Қызыл Ұйым», «Сапфир Биф», «Балу-2005», «Жөкей Агро», «Айбек 2011» серіктестіктеріне, өзгесі шаруа қожалықтарына тиесілі. Бұл алқаптың гектарынан 2,5 центнерден біржылдық шөп дайындалуы тиіс.

Целиноград. Өңірде шөп дайындау науқаны қызу қарқын алған. Барлық санаттағы шаруашылықтардың шөпке деген қажеттілігі 88,315 тоннаны құрайды. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Дулатовтың айтуынша 28 шілдеде 59658 мың тонна шөп дайындалып, жоспардың 67,5 пайызы орындалған екен. Сондай-ақ, 11200 тонна жемшөп маяларға салынды. Бұл белгіленген жоспардың 49,3 пайызы. Жалпы, шөп дайындау науқанына 75 бригада тартылып, олар 350 трактормен, 16 тіркемелі жаткамен, 98 шалғымен, 76 шөп орағышпен, 37 шөп артқышпен жабдықталған. 153 трактор шөп жинаумен және тасымалдаумен айналысады. Шөп шабу науқанына 35 шаруа қожалығы тартылған. Целиноград ауданында мал азығының 1961 гектар алқабы суармалы. Оның 1044 гектар алқабы жүгері, 532 гектар жері люцерна, 385 гектары судан шөбі, донник, арпа және өзге де шөптер. Өңірдегі орман алқабы 48328 гектарды құрайды. Оның бауырындағы 19861 гектар алқапта шөп шабылуда.

Зеренді. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Серік Сабыровтың айтуынша, биылғы жыл өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қиын болып тұр. Бұл ауа райының қолайсыздығымен тікелей байланысты. Биыл қар тез еріді, шөптің өсуі кезінде жаңбыр жаумады. Ылғалдың жетіспеушілігі астық пен мал азығының тез көтерілуіне жол бермеді. Осы қиын жағдайға байланысты аудан әкімдігінде мал азығын дайындау бо-
йынша жедел штаб құрылды. Атқарушы органдар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен, орман шаруашылығымен, Қазақстан темір жолымен осы кәсіпорындардың аумағындағы шөпті шабу жөніндегі меморандумға қол қойды.
Биылғы жылы 119,8 мың тонна шөп дайындау қажет. Оның 57,8 мың тоннасы немесе 49 пайызы маяларға салынды. Мал азығын дайындауға 64 ірі бригада, 256 техника тартылған. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындарға жеңіл бағамен шөп сату бойынша атқарушы орган мен ірі шаруашылықтар арасында келісім жасалған. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер сабан дайындауға ерекше назар аударатын болады. Мемлекет мал шаруашылығының шөбін сатып алуға субсидия бөлмекші.
Топтаманы әзірлеген Рамазан ТІЛЕУОВ.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар