Мәлік Ғабдуллин атындағы академия курсанттары ант қабылдады

Жуырда академияның шетелдік бейіндік жоғары оқу орындарына оқуға кететін күндізгі оқу факультетінің 1-курс курсанттарының ата-аналарымен оқу орнының қабырғасында нұсқамалық жиналыс өткізілді.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарайтын М.Ғабдуллин атындағы Көкшетау азаматтық қорғау академиясы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Қ.Карменов ата-аналарға курсанттардың әскери тәртіпті сақтаулары, алдағы сапарға дайындығы туралы айтты.
Жиын әрі қарай академияның саптық алаңында курсанттардың ант қабылдауының салтанатты рәсімімен жалғасты. Өз жолдастарының, командирлерінің, туыстарының алдында курсанттар Отанымыздың игілігі үшін лайықты қызмет атқаруға уәде берді.
Бірінші курс курсанттарын академия бастығы, азаматтық қорғау полковнигі С.Шәріпханов құттықтап, ақжарма тілегін білдірді.
Курсанттар атынан сөз алған Рашид Арлан замандастарына сәт сапар тіледі. Балаларының ант қабылдау рәсіміне қатысқан ата-аналар атынан Ж.Хасенов құттықтау сөз сөйлеп, жастарға білім жолында нық қадам басып, жаңа белестерді бағындыруларына тілектестігін жеткізді. ф
М. Ғабдуллин атындағы Көкшетау азаматтық қорғау академиясының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар