Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті құрылыс саласының ардагерлері мен қызметкерлері!

Құрметті құрылысшы мамандығы ертеден ең қадірлі де маңызды кәсіптердің бірі саналады. Қашан болсын оған сұраныс жоғары. Құрылысшылардың күн сайынғы қажырлы, адал еңбектерінің арқасында Ақмола облысының қалалары мен ауылдары жыл өткен сайын жаңарып, келбеті жақсарып келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй құрылысы қарқынын арттырудың, тұрғындар үшін пәтердің өзіндік құнын азайтудың, жолдардың желілерін дамытудың маңыздылығын сан рет атап өткен болатын. Біздің аймағымызда да құрылыс саласы жылдан жылға өз көкжиегін кеңейте түсуде.
Тек биылғы жылы ғана облыста әлеуметтік нысандар бойынша 53 жоба іске асырылуда. Олардың жалпы сметалық құны 48 миллиард теңгеге жуық. Мұның өзі облыс картасында жаңа мектептер, дәрігерлік амбулаториялар, денешынықтыру-сауықтыру кешендері, демалыс орындары, өндірістік нысандар пайда болады деген сөз.
Көкшетау қаласында жаңа шағын аудандар бой түзеуде. Облыс аудандарында да жаңа тұрғын үйлер көбейіп келеді. «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру барысында 2 миллион шаршы метрден астам тұрғын алаңы пайдалануға беріліп, 17 мың ақмолалық отбасы қоныс тойын тойлады. Өткен жылы 574 мың шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға берілсе, биыл бұл көрсеткіш 655 мың текше метрге жеткізілмекші. Оның 26 мың шаршы метрі көп балалы отбасыларына беріледі. Бұл – көрші облыстардың көрсеткіштерінен анағұрлым көп. 2025 жылға дейін 3,4 миллион шаршы метр тұрғын үй алаңын іске қосу көзделіп отыр.
Инженерлік желілер құрылысының қарқыны да арта түсуде. Биыл оны 170 шақырым мөлшерінде іске қосу ұйғарылған. Осы мақсатқа бөлінген қаржы 3,5 миллион теңгені құрайды.
Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері! Кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшы күні қажырлы еңбектеріңіз, Ақмола облысының дамуына қосқан өлшеусіз үлестеріңіз үшіін Сіздерге шын жүректен алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер. Сіздердің жоғары шеберліктеріңіз бен туған жерге сүйіспеншіліктеріңіз осы заманғы ғылым жетістіктерімен ұштаса келіп, жаңа жасампаз жобаларды іске асыруларыңызға мүмкіндік беретініне сенім мол.
Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт, ынтымақ пен бірлік, тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы жолында жаңа еңбек табыстарын тілеймін!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар