Бұл туралы бүгін 16 сағат 25 минутта «101» басқару пультіне Абай көшесі 82 мекен-жайында орналасқан «Абшерон» дәмханасында өрт болғандығы жайында телефон хабарламасы түсті, деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
«17 қызметкер мен 4 бірлік дереу қоңырау шалу орнына жіберілді. Өрт болған жерге жеткенде кафенің шатыры 12 шаршы метр аумақта жанып кеткені анықталды. Өрт 16-38-де оқшауланды, 16-50-де сөндірілді. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл факті бойынша өрт-техникалық зерттеу тағайындалды. Өрттің себебі анықталуда», – деді Көкшетау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Әсет Жақсылықов.
Осы ретте, Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері қала тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады. Өрт болған жағдайда дереу «101» немесе «112» телефондарына қоңырау шалуды сұрайды.