Коронавирус: 16 өңір «қызыл» аймақта

ҚазАқпарат – 2021 жылғы 9 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған сәйкес, Түркістан облысынан басқа барлық өңір коронавирус бойынша «қызыл» аймақта тұр. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта: Түркістан облысы.

Айта кетейік, 8 тамыз күні Түркістан облысы «жасыл» аймақта орналасқан болатын.

Дереккөз: www.inform.kz/

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар