Озық жабдықтар – өнімді жұмыстың кепілі

«Көкшетау Энерго» ЖШС технологиялық автопаркті жаңарту аясында заманауи және жоғары өнімді техникаларды сатып алу үрдісін одан әрі жалғастыруда.

Компанияның бас офисінің алаңында орталық механизация және көлік қызметі серіктестіктің басшылығы мен қызметкерлері үшін жаңадан сатып алынған техниканың тұсаукесерін ұйымдастырды, онда бас директор Досымхан Аралбаев көлік құралдарын қауіпсіз және тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті.
–Жаңа машиналар жұмысшыларға қолжетімді емес жерлерде және ауа райының әртүрлі жағдайларында электр қондырғыларына қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Автопаркті өтімділігі мен өнімділігі жоғары жаңа арнайы техникамен толықтыру біздің жұмысымызды ұйымдастыру кезінде технологиялық процестің міндеттерін тиімді шешуге ықпал ететініне сенімдімін, – деді компания басшысы.
Техникамен танысу «ГАЗон NEXT» автомобилінің негізінде салынған ЛВИ HVT-3F-G көпфункционалды жабдығымен және электр зертханасының жинақталуымен басталды. Автомобиль – 8 орындық екі қатарлы кабинасы бар және дизельді қозғалтқышпен жабдықталған модификация. Бұл зертхананың негізгі қондырғысы электр жабдықтарының, яғни, трансформаторлар, ажыратқыштар және тағы басқаларының жағдайын диагностикалау үшін әртүрлі модульдер мен өлшеу құралдары болып табылады, бұл медицинада қолданылатын КТ, МРТ сияқты аппараттар. Сондай-ақ, объекті бір фазалы қосылысы бар электр қондырғыларында операциялардың бүкіл кешенін орындау үшін құралдар мен керекті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Электрлік зертхананың көпфункционалдылығының арқасында мамандарға кернеуі 110/35/10 кВ әртүрлі қосалқы стансаларда жабдықты, сондай-ақ, кабельдік желілерді және зақымдалған кабельдің орнын жедел табу процесін сынақтан өткізуге кең мүмкіндік беріледі.
Бұдан әрі «КАМАЗ» автомобилінің базасында ВИПО-28-01 жұмыс платформасы бар автомобиль гидравликалық көтергішінің тұсаукесері өтті. Бұл арнайы техника гидравликалық, телескопиялық механизммен жабдықталған, ол энергетиктерді өндірістік жұмыстарды орындау үшін 28 метр биіктікке құралдармен және материалдармен көтеруге арналған. Ал, ең жоғары жүк көтергіштігі – 300 келі. Гидравликалық жүйе жұмыс жылдамдығын басқарудың және бір уақытта бірнеше операцияларды орындаудың кең спектрімен барлық механизмдерді басқаруды қамтамасыз етеді.
Компанияда бұрын осындай автокөтергіштер болған, мысалы АГП-22, алайда, олар биіктігі бойынша 22 метрден асатын арнайы тіректерде жұмыстарды толық көлемде жүргізуге мүмкіндік бермеді.
Келесі сатып алынған маңызды техника «Камаз» автокөлігінің негізінде салынған «Ивановец» атты авто краны. Автокраны ауыр жүктерді көтеруге ғана емес, сонымен қатар, арсеналында жебенің қосымша бөлімі бар және ең маңызды нұсқалардың бірі – техникалық қызметкерлерді 30 метр биіктікке көтеруге арналған себет.
Бұдан басқа, МТЗ-82 базасындағы ямобур және асфальтталған топырақтарда траншея қазуға арналған қосымша механикалық қондырғылар сатып алынды.
Жоғарыда аталған барлық іс-шаралар компанияның инвестициялық бағдарламасының арқасында жүзеге асырылды, ал, техниканы жаңартуға жұмсалған сома ағымдағы жылы 117 миллион теңгеден асты. Компания аталған жетістіктерімен тоқтап қалмайды, оның үстіне ЖШС басшылығы автопаркті жаңартудың жыл сайынғы процесін жүйелеуді жоспарлап отыр.
Сатып алынған жаңа автомобильдер сексенінші-тоқсаныншы жылдары шығарылған ескі техниканың орнын басады, бұл еңбек қорғаудың қажетті нормаларын сақтай отырып, далалық жағдайларда жұмыстарды орындау процесін едәуір жеңілдетеді.
Еркін СЕЙІТОВ,
«Көкшетау Энерго» ЖШС-нің баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар