Алжирде ыстықтан ормандар өртеніп жатыр

Алжирдегі орман алқабында ірі өрт басталған. Нәтижесінде, Алжир Азаматтық қорғаныс басқармасының соңғы мәліметіне сәйкес, дала өртінің таралуы салдарынан төрт адам қаза тауып, үшеуі жараланған.

Өрттің шығуына елдегі ұзаққа созылған аптап ыстық пен құрғақшылық себеп болған. Кейбір аймақтарда ауа температурасы 46 градусқа дейін жеткен. Сонымен қатар, елде су тапшылығы да күш алуда. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер тікұшақтармен Алжир астанасынан шығысқа қарай 150 шақырым жерде орналасқан Тизи-
Узузу провинциясында өрттің таралуын болдырмауға тырысуда. Елдің 14 провинциясында кемінде 19 өрт болған. Сұрапыл жалын үйлерді жалмап жатыр, сондықтан тұрғындарды шұғыл түрде эвакуациялауға тура келуде. Жергілікті халық өртті сөндіру үшін жұмыс істеп жатқан азаматтық қорғаныс топтарына ерікті түрде көмек көрсетуде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар