Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетауда кәсіпкерлік нысанды заңсыз тексергендер жазаға тартылды - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетауда кәсіпкерлік нысанды заңсыз тексергендер жазаға тартылды

Көкшетау қаласы прокуратурасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді тобымен жеке кәсіпкер Д.Мусахметованың қызметіне заңсыз тексеру жүргізу фактісі анықталды.

Ақмола облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғын үй инспекция бөлімінің қызметкерлері 2020 жылдың күзінде азық-түлік дүкеніне бірнеше рет келген және төбені нығайту үшін тіректерді орнатуға құжатталарды ұсынуды талап еткен, үй-жайға визуалды тексеру жүргізген, сол әрекеттерімен ЖК-ң қызметіне араласуға жол берді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мекеме мамандарының тексеру іс-шараларын жүргізу үшін негіздері болмаған. Тексеруді тағайындау туралы актісі енгізілмеген және уәкілетті органда тіркелмеген.

Көкшетау қаласы прокуратурасының ден қою актісі бойынша Тұрғын үй инспекция бөлімінің лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар