Жаһандық жылыну жылдамдық алып жатыр

Ғаламшардың барлық аймақтарында климаттың өзгеруі байқалуда. Бұл процесс жылдам қарқын алып, оның салдары орны толмас жағдайларға әкелуде. Бұл туралы Женевада жария етілген Климат бойынша үкіметаралық сарапшылар тобының баяндамасында айтылған.

Орны толмайтын қауіпті өзгерістер бүгінде адамзат қызметінің қатысуымен болған жаһандық жылыну ғаламшардың барлық аймақтарында экстремалдық ауа райының көптеген жағдайларының орын алуына әкеп соқтырған. Бұдан бөлек, ғалымдардың мәліметтерінше, Жер ғаламшарының барлық климаттық жүйесі өзгеріп, бұл өзгерістер атмосфера, теңіздер, Жердің мұз қабықтары мен топырақ бетіне әсер етіп отыр. Бұл өзгерістер орны толмас қайғылы жағдайларға себеп болуда. Алайда, баяндама авторлары, яғни, 66 елдің 234 сарапшысы адамзат климаттың өзгеруіне әлі де болса өзінің оң әсерін тигізетініне сенімді. Ол үшін атмосфераға зиянды заттар, соның ішінде парниктік газдың шығарылуын азайтып, сол арқылы ауаның сапасын қысқа мерзім ішінде айтарлықтай жақсартып, жаһандық температураны тұрақтандыруға болады. Адамзат үшін дабыл белгісі БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің пікірінше, жұмыс тобының баяндамасы – бүкіл адамзат үшін дабыл қағу белгісі. «Бұл – қатты дабыл, ал, ұсынылған куәліктер даусыз», – деп түсіндірген ол ғалымдардың тұжырымын. Ол халықаралық қауымдастықтың жаһандық жылынуды 1,5 градустан аспайтын деңгейде ұстап тұруға келіскенін, алайда, алдағы уақытта шұғыл шаралар қабылданбаса, ол шамадан асып кететінін еске салды.

Интернет материалдарынан дайындаған Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар