Ақмола облысында 4 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Ақмола облысында 3 млн. 988 169 мың Ммемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Әділбек Мұхамеджанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінгі таңдағы басым міндеттер азаматтардың өтініштерін сапалы қарау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, электрондық форматтағы қызметтер үлесін арттыру болып табылады.

«Жалпы, электрондық форматта көрсетілген қызметтер үлесінің артуының оң динамикасы байқалады: егер ағымдағы жылдың І жартыжылдығында электрондық қызметтердің үлесі 94,3% – ды құраса, өткен жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 93% – ды құрады» – деп атап өтті Әділбек Мұхамеджанов.

Жазира Тоқтар, ҚР МҚІА Ақмола облыстық департаментінің баспасөз хатшысы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар