Ақмола облысында мониторингтік топтар жұмысын жалғастыруда

Облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, соңғы аптада мониторингтік топ 442 нысанды тексерді, оның 12-де немесе 2,7 пайызында карантиндік шаралардың бұзылғандығы анықталды. Шектеу шараларын бұзу Бұланды (5), Бурабай (2), Қорғалжын (2), Зеренді (1) аудандарында және Біржан сал ауданында (1), сондай-ақ, Степногорск қаласында (1) анықталып отыр. Оның ішінде маска тағу режимі жиі бұзылады. Осы анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша 9 әкімшілік айыппұл салынды.

Айталық, өңірдегі күніне 200-ден астам жағдай тіркеліп, тиісінше ауруханаға түскендердің саны артуда. Бүгінгі күні инфекциялық стационарларда 1343 адам болса, жансақтау бөлімінде 123 науқас жатыр.

Өңірде 206 мониторингтік топ жұмысын жалғастыруда. Жыл басынан бері карантиндік шаралар бұзылған 551 нысан анықталды. Осыған байланысты 590 әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде жалпы сомасы 79 миллион 817 мың 290 теңге болатын 575-і қаралды. Соттың қарауына 14 материал жолданды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар