Бірінші жартыжылдықта өнеркәсіп көлемі артты

2021 жылғы бірінші жартыжылдықта облыс өнеркәсіп кәсіпорындары 516 миллиард теңгенің өнімін өндірді, бұл өткен жылдың деңгейіне қарағанда 7,5 пайыз жоғары.

Өндірістің өсуі 11 ауданында тіркелді, төмендеуі Бурабай (87,1%), Жарқайың (89,1%), Шортанды (90,8%), Ақкөл (91,1%), Атбасар (91,3%), Сандықтау (92,3%), Біржан сал (92,6%) және Зеренді (94,4%) аудандарында байқалды. Ағымдағы кезеңде барлық өнімнің 81,2 пайызын жұмыс істейтіндер саны 100 адамнан асатын өнеркәсіп кәсіпорындар өндірді, 13 пайызы шағын кәсіпорындар және 3,7 пайызы қосалқы өндірістер еншісінде.
Өнеркәсіп өндірісі көлемінің 6,5 пайызын құрайтын тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында 33,6 миллиард теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейге қарағанда 1,5 пайыз жоғары.
2021 жылдың қаңтар – маусым айларында өңдеу өнеркәсібінде 426,8 миллиард теңгенің өнімі (тауарлар, қызметтер) өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейге қарағанда 7,4 пайыз жоғары. Өңдеу өнеркәсібінің 15,5 пайызы тамақ өнімдерін өндіру үлесіне келеді, өнеркәсіп өндірісінің индексі 115,3 пайызды құрады.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 51,5 миллиард теңгенің өнімі (тауарлар, қызметтер) өндірілді. Өнеркәсіп өндірісі көлемінің 1 пайызын құрайтын сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметтер бойынша 2021 жылдың қаңтар – маусым айларында 4,9 миллиард теңгенің өнімі өндірілді.
Ақмола облысы бойынша статистика департаменті материалдарының негізінде дайындалды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар