Елден кеткен Ауғанстан президенті Facebook желісінде үндеу жолдады

Жексенбіде Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Facebook-тегі парақшасында қантөгісті болдырмау үшін елден кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.
«Бүгін мен қиын таңдау жасадым. Ол сарайға басып кіруге ұмтылған қарулы тәліптермен бетпе -бет кездесу, немесе соңғы 20 жылымды қорғауға арнаған тамаша елімді тастап кету», – деп жазады президент. Ганидің пайымдауынша, егер ол Ауғанстанды тастап кетпесе, тәліптер Кабулға шабуыл жасар еді. Бұл бейбіт тұрғындардың қан төгуіне соқтырады.
Мемлекет басшысының айтуынша, тәліптер қылыш пен қару -жарақ шайқасында жеңіске жетті және енді өз отандастарының намысы мен байлығын қорғауға толық жауапкершілікті алады. «Бірақ олар жүректерді жаулай алмады және заңды бола алмады. Тарихта бұрын -соңды ешкімге заңдылықты берген бір билік болған емес. Оларға да бермес», – деп жазды Ғани. Бұдан бұрын хабарланғандай , «Талибан» өкілдері Ауғанстан астанасы Кабулға шабуыл жасады.
Еске салсақ, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткізгені туралы хабарланды. «Талибан» қозғалысының содырлары Ауғанстанның маңызды әрі ірі қалаларын басып алды. Халықаралық ұйымдар дабыл қағып Ауғанстанда соңғы 72 сағатта ондаған бала қаза тапқанын жариялады. Сондай-ақ, ҚР дипломатиялық миссиясы Кабулда шектеулі құрамда жұмысын жалғастыруда.

Дереккөз: www.inform.kz

 

 2,113 total views,  2 Views Today

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар