Ақмолалық спортшы грепплингтен әлем чемпионы атанды

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның мәліметінше, Татарстан республикасының астанасы Уфа қаласында грепплингтен UWW әлем чемпионаты аяқталды, онда 54 елден 1500 кадет пен жасөспірімдер өнер көрсетті.

Байрақты жарыста ақмолалықтар екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды. Оның ішінде Елизавета Синельниковаға тең келер ешкім болмады. Ол 49 кг салмақ дәрежесінде «Грепплинг» және «Грепплинг ги» бөлімдерінде алтын медаль жеңіп алды.

Мансұр Сақтағанов «Грепплинг ги» бөлімінде күміс жүлдегер атанды. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық балуандар 62 медаль жеңіп алды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар