Халық санағының ұйымшылдықпен жүргізілуіне ат саласыңыздар!

«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ 2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағын өткізу үшін мына санаттағы мамандарды өтемелі қызмет көрсету шарттары бойынша жұмысқа қабылдау туралы хабарлайды.

1. Нұсқаушы-бақылаушы (облыс бойынша 126 бірлік, жұмыс кезеңі 2021 жылғы 24 қыркүйектен 7 қарашаға дейін, жалақысы 125 014 теңге);
2. Интервьюер (есепші) (облыс бойынша 882 бірлік, жұмыс кезеңі 2021 жылғы қазанның 1-інен 30-ына дейін, жалақысы 104 179 теңге жалақы мөлшері жүктемеге сәйкес, жалақы мөлшері нақты орындалған жұмыс көлеміне байланысты).
Еңбекке ақы төлеу өтемелі қызмет көрсету шартының негізінде, нақты көрсетілген қызмет үшін, зейнетақы жарналарын, жеке табыс салығын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын шегеруімен.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары білімнен кейінгі білім, арнайы орта, кәсіби орта, орта білімнен кейінгі, жалпы орта білім, жұмыс өтіліне қойылатын талаптарды ұсынусыз.
Нұсқаушы-бақылаушының лауазымдық міндеттері:
бекітілген нұсқаулық телімінде интервьюерлердің жұмысын үйлестіру және бақылау, туындалған сұрақтар бойынша интервьюерлерге кеңес беру, санақ және дайындық іс-шаралар барысы туралы сұратулар бойынша есептерді құрастыру және жолдау, нұсқама жүргізу, жаңа қабылданған интервьюерлерді оқыту, алынған ақпараттық және есептік деректердің құпиялық қағидаттарын сақтау.
Интервьюердің (есепшінің) лауазымдық міндеттері:
респонденттерге тікелей (жеке) бару арқылы сауал салуды жүргізу, өткізілетін санақтың мақсаты мен міндеттерін халыққа түсіндіру және алынған мәліметтерді планшеттің санақ парақтарына енгізу, күн сайын нұсқаушы-бақылаушыға бекітілген есеп телімінде өткізіліп жатқан жұмыс туралы хабарлау, алынған ақпараттық және есептік деректердің құпиялық қағидаттарын сақтау.
«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ (020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы,73, №315 кабинет, анықтама телефоны: (8-7162)25-05-48, 40-10-21 электронды мекен-жай modem.kokshetau@statdata.kz)

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар