Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Абылай ханның қара жолы» экспедициясы өз мәресіне жетті - АРҚА АЖАРЫ

«Абылай ханның қара жолы» экспедициясы өз мәресіне жетті

Тұңғыш Президентіміз, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» стратегиялық бағарламаларын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Тәуелсіздік – бәрінен де қымбат» мақаласын негізге ала отырып, Ақмола облысының әкімі Ермек Боранбайұлының тікелей қолдауының арқасында «Абылай ханның қара жолы» экспедициясы «Абылай ханның жорық жолдары және Ұлы Даланың ұлы есімдері» тақырыбымен ғылыми-зерттеу жұмыстарын сәтті жүргізіп, 8000 шақырымдай жол жүріп, үлкен олжамен аман-есен Көкшеге оралды.

Экспедицияның маршрутына сәйкес Қазақтың азаттығы үшін шайқас болған тарихи жерлерді ғылыми негізде зерттеп, жол бойындағы Ұлы Даланың Ұлы тұлғалары туралы тың деректер алынды. Атап айтсақ, Қарауыл ауылы – Шаған шайқасы (1750 жыл), Шілікті ауылы – Шілікті шайқасы (алтын адам табылған жер). Шілікті Қазақстанның қиыр шығысындағы Қытаймен екі арадағы шекараға тиіп тұр. Қаншама тарихи орындар шекараның арғы жағында қалып қойыпты. Біздің қолымыздағы ешқандай байланыс құралдары істемеді. Шекараға жақындағанда телефонымызға «Добро пожаловать CHINA!» деген жазу келді.
Ақжар ауылы – Шорға-ласты шайқасы (1756-1757 жылдар); Ақсуат ауданы Көкжыра ауылы – Көкжыра шайқасы (1750-1755 жылдар) Тарбағатай ауылы – Майлышат, жоңғармен шайқас (1750-1755 жылдар); Аягөз қаласы маңындағы – Қандыжап-Мамырсу бітімі, Ақсүйек ауылы – Аңырақай шайқасы (1729 жыл); Қарағанды облысындағы Степной ауылы – Шүршіт қырылған (1756 жыл) деген тарихи орындарды көрдік.
Абылай ханның қазақтың тәуелсіздігі үшін шайқастарда шейіт болған сарбаздарының бейіттеріне ақ тас қойылған. Бұл ақ тасты «Мұсылманның ақ сәлдесі» – деп атайды екен. Сан ғасыр өтсе де ол тастардағы қазақ руларының таңбалары анық көрінеді.
Қара жолдың бойындағы киелі жерлер де назардан тыс қалған жоқ. Атап айтсақ, Бурабай ауданы Мәдениет ауылы – Торайғыр би және Жанбота би зираты; Степняк қаласы – Біржан сал кесенесі; Біржан сал ауданы – Мұхаммед Салық және Байгөбек қажы зираты, Абылай ханның сардарлары жерленген жер; Бұланды ауданы – Балуан Шолақ мемориалдық кешені; Астрахан ауданы Жалтыр ауылы – «Тоғыз әулие зираты»; Ерейментау ауданы – Саққұлақ би мазары; Баянауыл ауданы – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы кесенесі, Жасыбай батырдың зираты, Теңдік ауылындағы – Мұса Шорманұлы кесенесі; Бұқар жырау ауданы – Бұқар жырау мазары, Қарқаралы қаласы – Құнанбай қажы мешіті; Жидебай ауылы – Абай-Шәкәрім мемориалдық кешені, Мұхтар Әуезовтың музейі, Үшарал қаласы – Қабанбай батыр ескерткіші; Алматы облысы, Алтынемел қорығы, Шанханай ауылының маңындағы Ш.Уәлихановтың жерленген жері, Алматы қаласы – Райымбек батыр кесенесі; Қордай ауданы, Өтеген ауылы, – Өтеген батыр кесенесі, Қаракемер ауылы – Кенесары хан мемориалдық кешені; Ақжал ауылы – Батыр Баян жерленген жер; Ақсу – Аюлы ауылы– Шабанбай би мазары; Жидебай батыр кесенесі.
Ақын, этнограф, философ, шежіреші Мәшһүр Жүсіптің, Шаған шайқасында шейіт болған қазақ сарбаздарының, қазақтың тұңғыш ғалымы, этнограф, Шоқан Уәлихановтың, қазақтың соңғы ханы Кенесарының рухтарына арнап құрбан шалдық. Шоқанның кіндік қаны тамған жері Сырымбеттен алған топырақты Шоқанның зиратына, Кенесарының туған жері Бурабайдан алған топырақты капсулаға салып, Қордайдағы Кенесары ханның мемориалдық кешеніне апарып көмдік. Ханның кешеніне хан Кене елінің атынан ескерткіш құлпытас орнаттық.
Экспедицияның құрамында 17 адам болды. Экспедицияның ғылыми жетекшісі Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қанат Әлібекұлы Еңсенов, ауған соғысының ардагері, кәсіпкерлер, Ақмола облыстық тарихи- өлкетану музейінің ғылыми қызметкері, республикалық «31 арна» информ бюро тілшісі, Экспресс-К ақпарат агенттігінің Ақмола облысындағы меншікті тілшісі, «Көкше» телевизиясының журналистері мен операторлары, Түркістан(Кентау) облысының, «Абылайхан резиденциясы»
музей-кешенінің(СҚО) ғылыми қызметкерлерімен қатар, Абылай ханның, Кенесары ханның, Шоқан Уәлихановтың тікелей ұрпақтары зерттеу жұмыстарына өз үлестерін қосты.
Экспедицияның ендігі мақсаты – жинақталған жазбаша және бейне материалдарды жүйелеп, халықтың игілігіне ұсыну алдағы күндердің еншісінде деп білеміз.
Мұрат қажы Ыдырысұлы,
«Абылай ханның қара жолы» экспедициясының жетекшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар