COVID-19 оң ПТР тесті бар адамдар қоғамдық орындарға барған

Ақмола облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, үйде оқшаулау режимін бұзғаны үшін «қызыл» мәртебесі бар тағы 36 ақмолалық әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің  425 бабы 1-ші бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды.

COVID-19 оң ПТР тесті бар адамдар қоғамдық орындарға барып, ASHYQ жұмыс істейтін нысандардағы қызметтерді пайдалануға тырысқан.

Ақмола облысында үйде оқшаулау режимін бұзғаны үшін облыстың «қызыл» мәртебесі бар тағы 36 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің  425 бабы 1-ші бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды. Аталған бап бойынша 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 87 510 теңге айыппұл қарастырылған. Жалпы, үй карантинін бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 91 әкімшілік жаза (айыппұл) қолданылды.

Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті үй карантиніндегі адамдарды оқшаулау шарттарын қатаң сақтауға шақырады.

14 күндік үй карантинін бұзған тұрғындардың тізімі Департаменттің сайтында жарияланған.

https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/documents/details/203365?lang=ru

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар