Ресейде Ил-112В ұшағының апатқа ұшырауына қозғалтқыштың істен шығуы себеп болған

Мамандар Мәскеу түбінде Ил-112В әскери тасымалдаушы ұшағының құлауына қозғалтқыштың істен шығып, қирауы, одан кейін өртенуі себеп болғанын анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін шұғыл қызметтерден екінші (оң жақ) қозғалтқыштың өртенуіне өртену камерасына майдың ағылуы себеп болуы мүмкін екені айтылады. «Ұшақ әуеде төрт минут болған. Экипаж өрт туралы хабарлап, қонуға әрекеттенген. Ил-112В Мәскеу түбіндегі Кубинканың ұшу-қону жолағынан небәрі 1,5 шақырым жерде құлады», – деп мәлімдеді агенттікке күш құрылымдарынан.
Ұшақ бортында үш адамнан құрылған экипаж, соның ішінде оның командирі – еңбегі сіңген сынаушы ұшқыш, Ресей қаһарманы Николай Куимов болған. Олардың барлығы қаза тапты. Ұшқыштар соңғы сәтке дейін күресіп, ұшақты тұрғын үйлерден бұрып әкетуге тырысқан. Ұшақтың құлауы фактісі бойынша РФ Қылмыстық кодексінің 263-бабының 3-бөлімімен (Әуе көлігі қозғалысы мен пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу) қылмыстық іс қозғалды. Осыған дейін Ресейде Ил-112В әскери тасымалдаушы апатқа ұшырағаны хабарланған болатын.

Дереккөз: www.inform.kz

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар