Ормандар жойылып барады деген ақпаратқа сенбеу керек

Әлеуметтік желілерде оқта-текте «Қазақстандағы ормандардың жойылуы туралы» ақпарат таратылып қояды. Осыған байланысты Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстанда орман алқаптарына қауіп жоқ екендігін баса айтады.

Қазіргі уақытта орман қорының ауданы 30,4 миллион гектарды құрайды оның 13,3 миллион гектары орманмен қамтылған. Қазақстанда ормандар біркелкі орналаспаған. Орман өсімдіктерінің түрлері табиғи аймақтардың әртүрлілігімен анықталады. Шөлді аймақта сексеуіл ормандары өседі. Таулы ормандардың негізгі бөлігі Алтай, Жоңғар және Іле Алатауының қара қылқанды екпелерімен көмкерілген. Дала және орманды дала аймақтарының жазық бөлігінде қайыңмен көктерек шоқ ормандар, қарағайлы ормандар, Ертіс өңірінің жалды ормандары өседі.
Сексеуіл ормандары орманмен қамтылған барлық алқаптың 50,5 пайызын, қылқан жапырақты екпелер 13,5 пайызын, жұмсақ жапырақты екпелер 11,7 пайызын құрайды.
2000 жылы орман қорының ауданы 26,5 миллион гектарды құрады. Ал, 2020 жылы орманмен қамтылған алқап 1,6 миллион гектарға ұлғайып, 13,1 миллион гектарды құрағанын атап өткен жөн. Осылайша 2001-2020 жылдары елімізде 60,1 мың гектар орман жамылғысы жоғалды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Керісінше, жалпы орман алқаптарының ұлғаю үрдісі байқалады. Бұған өңірлердегі орман қорының жай-күйі туралы деректер дәлел.
Мәселен, Ақмола облысында орман 1 миллион гектардан астам аумақты алып жатыр, оның ішінде 384,8 мың гектары орманмен қамтылған, көрсеткіштердің өсуі тиісінше 251,3 мың гектарды және 66,4 мың гектарды құрады. Өсу көрсеткіші еліміздің басқа бірқатар өңірлерінде де байқалады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, Комитет желіде таралған ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар