Мектепке жол: ақмолалық тәртіп сақшылары көпбалалы анаға көмектесті

Жыл сайын оқу жылы қарсаңында “Мектепке жол” республикалық акциясы өткізіледі. Осы игілікті науқанға полицей қызметкерлері де белсенді қатысып, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көмектесіп келеді.

Биылда сол дәстүр жалғасын тапты. Облыс орталығының тұрғыны, бес баланың анасы Ысқақова Торғын көмек көрсеткені үшін Ақмола облыстық Полиция департаменті Штабының қызметкерлеріне алғысын білдірді. Биыл оның ұлы бірінші сыныпқа барады.

Оған арнап полицейлер киім-кешек пен кеңсе тауарларын сатып алып берді. Өз кезегінде, көпбалалы ана тәртіп сақшыларына көрсеткен көмектері үшін шын жүректен алғысын айтып, оларға жұмыста табыс тіледі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар