Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 9-шы шағын аудан, 46-үй мекен-жайы бойынша орналасқан тұрғын үйдегі бір бөлмелі пәтерден шыққан. Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрады.
«Автосатының көмегімен бес адам құтқарылып, 15 адам, оның ішінде бір бала эвакуацияланды. Өрттің шығу себебі анықталуда», — деп түсіндірді Степногорск қаласының ТЖБ бастығының міндетін атқарушы Арман Шаяхметов.