Облыстың бірқатар кәсіпорындарының қызметкерлері толық екпе алды

Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өңірдегі көптеген ұйымдар қызметкерлерін коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды аяқтады. Бүгінде облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарының 17681 қызметкері егілді.

Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындар мен туризм нысандары шоғырланған Зеренді ауданында кейбір мекемелерде вакцинациямен 100 пайыз қамтуға қол жеткізілді. «Берекет 2025» ЖШС, «Ақ жол» ЖШС, ЖК «Попов» ЖШС, «Агро Фирма Қараөзек» ЖШС, «Бәйтерек НП» ЖШС және тағы басқа кәсіпоры басшылары қызметкерлердің денсаулығына қамқорлық жасап, өндірісте вакцинациялауды ұйымдастырды және енді толық циклде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды.

Аудандық аурухана дәрігерлерінің мобильді бригадасын тарта отырып, «Алтынтау Көкшетау» АҚ алтын өндіру фабрикасының медициналық пунктінде вакцина алған қызметкерлер белгілі бір уақыт ішінде дәрігерлердің бақылауында болуы үшін қолайлы жағдай жасалған егу орталығы ұйымдастырылды.

«Коронавирустық инфекцияның организм үшін қаупі жоғары. Мен басшы ретінде өз денсаулығыма және жақындарым мен әріптестерімнің әл-ауқатына қамқорлық жасауым керек. Вакцинацияның өндірістен қол үзбей өтуі өте ыңғайлы. Әріптестеріме біздің үлгі болуымызға кеңес беремін. Вакцинаны бірінші болып қойдым, өзімді өте жақсы сезінемін», – деді кәсіпорынның бас инженері Еркебұлан Қуандықов.

Еске сала кетейік, облыста ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап бірінші компонент 61,8 пайыз, екінші компонент – 49,3 пайыз егілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар