Зеренді ауданында орман өртін сөндіруге 154 адам және бір тікұшақ жұмылдырылды

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, тамыздың 25-де «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Зеренді филиалының Грибновское орман шаруашылығы аумағында орман өртенді. Өрт сөндіруге 154 адам мен өрт десанты бар жұмылдырылды.

«Орман өртін жоюға 20 бірлік техника, 1 тікұшақ және жеке құрамның 142 адамы, оның ішінде Ақмола облысы ТЖД 5 бірлік техникасы және 51 қызметкері, 6 бірлік техника және орман мекемелерінің 54 жұмысшысы, «Қазавиаорманқорғау» АҚ 1 тікұшағы, жергілікті атқарушы органдардың 7 бірлік және 33 адам және өртке қарсы құрылымдардың 2 бірлік техникасы мен 4 адам тартылды», – деді ведомстводан.

Қатты жел мен қызыл жалынның ағашқа таралуы оны ауыздықтауға біраз кедергі келтірді. Алайда, өрт сөндірушілердің жедел қимылының арқасында өрт сол күні 18 сағат 50 минутта ауыздықталды. Өрт аумағы 7 гектарды құрады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар