Вакцинация – коронавирустық инфекцияны жеңудін жалғыз дәлелденген әдісіне айналуда

 Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы  Нариман Сыздықов «Ағымдағы эпидемиологиялық жағдай» туралы мәлімдеме жасады.

 Бүгінде коронавирустық инфекция барлық әлемді толғандырып отырған мәселе.

– Әлем болып күресіп жатқан індетті жеңудің жалғыз жолы – вакинация, деген Нариман Ермекұлы қазіргі уақытта облыс бойынша коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялаудың ахуалы туралы жан-жақты баяндап  берді.

Өңірімізде коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарға 25 медициналық ұйым стационарлық медициналық көмек көрсетеді, онда жұқпалы ауруларға арналған 2490 төсек-орын және 193 реанимациялық төсек болса, коронавирустық инфекцияға байланысты ауыр халде жатқан 196 науқасқа арналған орындар бар. Сондай-ақ, басқарма басшысының айтуынша, коронавирусты жұқтыру қаупін азайту мақсатында науқастарға қашықтықтан кеңес беруге арналған  әр түрлі патологиялар ұйымдастырылған. Онда барлығы 13051 қашықтан кеңес беруге арналған. Оның ішінде виртуалды кеңес және денсаулық сақтау министрлігінің  мамандарымен 168 және 2643 мессенджер арқылы бейнеқоңырау (ватсап, телеграммалар және т.б.) шалулар болса, 6294 телефондық кеңес пен 3946 аудио консультациялар болған.

Науқастардың диспансерлік топтары үшін 150 мобильді  бригадалар құрылып, жұмыс істеуде. Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанынан  ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, «COVID-19» баспасөз орталығының жұмысы ұйымдастырылған. Онда денсаулық сақтау мәселелері бойынша әлеуметтік желілерді бақылау және талдау мәселелері қарастырылған.

Ағымдағы жылдың бүгінгі күнге арналған мәліметі бойынша, облыста COVID-19 –дан зертханалық  жолмен расталған 35 538 жағдай тіркелсе, бұл көрсеткіш өткен аптада 30148 болған екен. Яғни, қауіпті індеттің 6,3 пайызға өскені байқалады. Олардың ішінде 27690-ында коронавирустық індетті жұқтырған болса, 7848 адам қауіпті вирусты тасымалдаушылар. Ал, 190 адам осы қауіпті індеттен көз жұмған.  Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен аптада 151 деп тіркелгеніне қарағанда, 9 пайызға өскені өкінішті-ақ.

Қазіргі таңда 1023 науқас стационарлық, 4483-і амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Қауіпті індетпен ауырған науқастардың жалпы санынан 20 527-сі немесе 58 пайызы емханаларға өздері барып тексерілгенде анықталған. Бұл да өткен аптаға қарағанда 7,7 пайызға өскен. Ал, 11 460 адам коронавирус жұқтырғандармен байланыста  болса, 3286-сынан профилактикалық скринингке тексерілу кезінде анықталған.  Мұның да өсімі әжептәуір екен.

Брифинг барысында Нариман Сыздықов, өңіріміздегі вакцинация алу барысына да тоқталды. Облыста 133 вакцинациялау орталығы мен 135 мобильді топ ұйымдастырылған. Вакцинациялауға 564 медицина қызметкері оның ішінде 200 дәрігер, 390 фельдшер тартылған. Сонымен қатар, вакцинациялау жұмыстары бойынша 11 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді.

Бүгінде вакцинация – бұл бүкіл қоғамды қорғау және коронавирустық инфекцияны жеңудін жалғыз дәлелденген әдісіне айналуда. Сондықтан, өңіріміздің барлық тұрғындарын вакцинация алуға шақырған Нариман Ермекұлы журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар