Токио-2020: ақмолалық паралимпиадашы Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль салды

Давид Дегтярев салмағы 174 келі зіл темірді бағындырып,  54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді.
Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның мәліметінше, Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындары аясында бірінші марапатқа ие болды.
Давид Дегтярев 1996 жылы Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келген. Пара пауэрлифтингпен 2016 жылдан бері айналысады.
Жеке жаттықтырушы-Колесников Юрий Николаевич. 2021 жылы Тблисидегі әлем кубогында 185 кг салмақ көтеріп, Азия рекордын орнатты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар