Ата Заңымызға арналды

Жуырда Ақмола облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының кызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Ата Заң – елдігіміздің еңсесі» атты ақпараттық сағат өткізілді.

Биыл Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 26 жыл толады. Еліміздегі басты құжат 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған. Содан бері 30 тамыз мемлекеттік мереке болып саналады. Алайда, бұған дейін еліміздің қалыптасу тарихымен қатар, Конституциямыз да бірнеше рет қабылданғаны белгілі. Осыған байланысты іс-шара қатысушыларына Ата Заңымыздың тарихы бойынша ақпарат берілді.
Шараға қатысушылар Конституция күні туралы бейнеролик тамашалады және «Сіз білесіз бе?» викториналық ойынына белсенді қатысты. Сондай-ақ, кітапхана қорында бар «Заң», «Заң газеті», «Юридическая газета» сияқты мерзімді басылымдармен және осы тақырыптағы кітаптармен танысты. Жалпы алғанда, маңызды шара әсерлі де мазмұнды өтіп, қызметкерлеріміздің қызығушылығын туғызды.

Ақмола облысы МКҚБ полиция батальоны.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар