Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекет пен қоғамның қалыпты дамуының негізі - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекет пен қоғамның қалыпты дамуының негізі

Конституциялық заңдылықты қамтамасыз етуде 2002 жылғы 18 наурызда қабылданған «Әділет органдары туралы» Заңның маңызы зор. Әділет органдары атқарушы билік тармағына жатады және мемлекеттік органдар мен жеке тұлғалардың заң шеңберінде өмір сүруін қамтамасыз етеді, сондай-ақ, олардың құқықтары мен мүдделерін заң арқылы қорғайды.

1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы тәуелсіз мемлекетіміздің Конституциясы қабылданған болатын. Еліміз тәуелсіздігін алған алғашқы жылдары, 1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданған алғашқы Ата Заңда адам құқықтары мен бостандықтары, оларды жүзеге асыру қағидалары, мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру нысандары, басқару саласындағы демократиялық институттардың қызметі жете көрсетілмеген еді. Ал, жаңа Конституцияның ерекшеліктері заң шығарушы, атқарушы сот билігінің аражігі айқындалып, олардың құзыреті, өзара іс-қимыл бірлігі заң тұрғысынан нақты белгіленді.
1998 және 2007 жылдары Конституцияға Президент пен Парламенттің өкілеттіктерін қайта бөлген елеулі өзгерістер енгізілді. Өзгерістер 2011 жылы да енгізілді, бұл өзгерістермен Президентке президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу құқығы берілді.
Қазақстанда жүргізілген барлық реформалар мемлекет пен қоғам институттарын одан әрі демократияландыруға бағытталған. Қабылданып жатқан заңдар адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау кепілдіктерін нығайту тұрғысында мемлекеттік тетікті және азаматтық қоғам институттарын жетілдіруге жағдай жасайды. Конституция – мемлекеттің, оның ішінде қоғамның тіршілік-тынысын реттейді. Мемлекет, қоғам әрдайым заңсыз болған емес. Сондықтан, адам үшін маңызды Заңның бірі – Конституция. Көптеген елдер оқу орындарында Конституцияны басты пәннің бірі ретінде оқытады. Заңды сыйламайтын, білмейтін маман ертең еліне қызмет ете алмайды, пайда келтірмейді. Дегенмен де, қазақ даласында мемлекеттілік болғанынан бастап, XIII-XV ғасырдан бері өз Заңы болған. Алтын орда дәуіріндегі Шыңғысханның «Ясасы», Қазақ хандығы тұсындағы «Қасым ханның қасқа жолы», одан кейін «Есім ханның ескі жолы», Тәуке хан тұсындағы «Жеті жарғы» – бәрі де сол дәуірдегі мемлекеттік саясатты жүргізетін заңдар болды. Қасым ханның заңында «қанға қан» принципі ұсталынса, Тәуке ханның «Жеті жарғысында» кісі өлтіргенге адам құнын төлейтін болған.
Тәуелсіздік алғалы бері ҚР Конституциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігіне, сонымен қоса, демократиялық даму бағытындағы ел егемендігінің негізгі діңгегіне айналды. Бүгінгі таңда мемлекетіміз қол жеткізген саясат пен экономикадағы жоғары көрсеткіштер Конституцияда көрініс тапқан көптеген идеялардың біртұтас жиынтығы деп айтуымызға болады. Мемлекетіміздің дамуындағы осыған дейінгі жүріп өткен жолды саралай келе, Тәуелсіздік алғаннан бергі қысқа мерзім ішінде Ата Заңымыз ел азаматтарының барлығына бірдей ортақ, қазақстандықтар арасындағы құқықтық қатынастарды реттейтін, әркімнің бостандығы мен саяси, әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғайтын тұрақты негізіне айналды. Құқықтық, демократиялық, зайырлы қоғам орнату жолына түскен Қазақстанда барлық биліктің қайнар көзі халық екендігі Ата Заңда нақты тұжырымдалған. 98 баптан тұратын Конституцияда еліміздің демократиялық жолмен дамуына жол ашатын заңдық негіз жасалды. Конституция қабылданғалы бері өткен 26 жыл уақыттың ішінде әлеуметтік-экономикалық салалардағы қол жеткен жетістіктеріміздің бәрі Ата Заңымыздың негізінде жасалған заңдар арқылы келгендігі белгілі. Конституциямыздың тарихи маңызы да дамып, әлемдік қауымдастықтан лайықты орнымызды алуымызбен өлшенеді десек, артық айтқандық болмайды.
Биліктің қайнар көзі – халық деп жариялаған Конституциямыз президенттік билікті нық орнықтырды. Халық атынан билік жүргізу құқығы Президентке және Парламентке берілген. Халық атынан билік жүргізетін Президент заң шығарушы, сот және атқарушы биліктің ымыраластықпен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Конституцияда әрбір адамның құқығы дүние есігін ашқан кезден бастап қалыптасатындығы және әрбір азамат өз құқығын заң арқылы қорғай алатындығы тұжырымдалған. Адам құқықтары сот арқылы қорғалады. Сондай-ақ, Ата Заңда әрбір азаматтың өмір сүруге, шығармашылықпен айналысуға, діни сенім-нанымын өз қалауынша таңдауына, еңбек етіп, дем алуына, денсаулығын сақтауға, тегін ортада білім алуына және тұрғын үй меншігін иеленуге құқылы екендігі көрсетілген. Туған күнінен бастап ие болатын конституциялық құқықтары абсолютті және одан айыруға еш жол берілмейтіндігі Ата Заңда нақты көрсетілді. Қазақстан азаматы ешқандай жағдайда азаматтығынан айырылып, ел аумағынан қуылуға, өзге елге берілуге болмайтындығы да Конституцияда орын тапты. Біздің мемлекетіміз өзінің әрбір азаматының құқықтары мен бостандықтарын өз елінің аумағында ғана емес, шет елдерде де қорғауға кепілдік береді.
Конституциялық заңдылықты қамтамасыз етуде 2002 жылдың 18 наурызында қабылданған «Әділет органдары туралы» Заңның маңызына тоқталсақ, әділет органдары атқарушы билік тармағына жатады және мемлекеттік органдар мен жеке тұлғалардың заң шеңберінде өмір сүруін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, олардың құқықтары мен мүдделерін заң арқылы қорғайды. Аталмыш заңда көрсетілгендей, әділет органдарының негізгі міндеттерінің бірі орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті органдардың қабылдаған нормативтік-құқықтық актілерін тіркеуді жүзеге асыру болып табылады. Еліміздің заңдық негіздерін Конституция мен заңдар және нормативтік-құқықтық актілер құрайтынын ескерсек, әділет органдарының бұл қызметінің мәнін түсінеміз. Әділет органдары тіркелген нормативтік-құқықтық актілердің ең алдымен, Конституцияға сәйкестігіне назар аударады. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қаржы, басқа да салаларының қызметі түгел нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі.
Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап Конституциямыздың барлық әлеуетін толыққанды пайдалану бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарылып та жүр. Қазіргі еліміздің қол жеткен жетістіктерінің бәрі де Конституциямыздың негізінде дайындалған заңдар арқылы жүзеге асып келе жатқаны осының айқын дәлелі. Азаматтардың білікті заң көмегін алу кезіндегі конституциялық құқығын іске асыруда олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды нығайтуға, сондай-ақ, білікті заң көмегін көрсету механизмдерін жетілдіруге бағытталған ҚР Әділет министрлігімен әзірленген «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет пен заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Аталған заңда адвокатураның сапалы құрамын жақсарту мақсатында заң нормаларымен адвокаттардың жыл сайын біліктілігін міндетті түрде арттыру тетігі көзделген. Бұл адвокаттардың көрсететін қызметтерінің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға себеп болады. Заңда әлеуметтік жағдайы нашар азаматтар үшін адвокаттан немесе заң консультанттарынан тегін қызмет алу қарастырылған.
Бұдан басқа, адвокаттар және заң консультанттардың қызметін электрондық нұсқаға көшіру және оңтайландыру мәселелері де заң негізінде қарастырылған. Заңның негізгі мақсаты – заң көмегінің ашықтығын, әділдігін және сапасын көтеру болып табылатын бірқатар басқа да жаңашылдықтарды қамту, яғни, заң нормалары халыққа жоғары біліктілігі бар мамандармен сапалы және қолжетімді заң көмегін көрсетуге бағытталған. Ата Заңымыз Қазақстан халқының бірлігін асқақтатып, елімізде тұрып жатқан барша ұлттар мен ұлыстардың өкілдерінің тең құқықтылығын қамтамасыз етуде. Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшесіне айналды және әлем елдері арасында ұлтаралық, дінаралық татулығы мен бірлігі жарасқан бейбітшілік сүйгіш саясатымен танылып отыр.
Еліміз үшін ұлық мереке саналатын Конституция күнімен баршаңызды құттықтаймын! Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болып, тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағы көкте желбірей берсін!

Гүлмира ӘКІМОВА,
Ақмола облыстық Әділет департаменті басшысының
орынбасары, департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар