Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметінше, Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қатысуымен «Тәуелсіздік» алаңында өтіп жатқан жәрмеңкеге өңірдің 100-ден астам кәсіпорындары жалпы сомасы 120,7 миллион теңгеге 75 тонна өнім әкелген.
Қала тұрғындары мен қонақтары нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен, жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерінің 50-ден астам түрін сатып алуда.
Жәрмеңкені аймақ басшысы Ермек Маржықпаев аралап көріп, азық-түлік бағасы мен сапасына назар аударды.
Жәрмеңкеге барлығы 50 тоннадан астам ет және шұжық өнімдері, сондай-ақ балық, 4,3 мың дана жұмыртқа, 4 тоннаға жуық сүт және сүт өнімдері, 5 тоннадан астам ұн, 11 тонна картоп, көкөніс және басқа да өнімдер жеткізіліп, сатылуда.
Сонымен бірге, жәрмеңкеде «Kokshe» әлеуметтік кәсіпкерлік коорпорациясы» акционерлік қоғамы өңірлік тұрақтандыру қорының өнімдері — қант, мүйіз, күріш ұны, қарақұмық жармасы және күнбағыс майы төмендетілген бағамен ұсынылуда. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы өнімдерінен басқа пішен мен отын сатылымға шығарылған.