Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтіп жатқан «30 игі іс марафоны» эстафетасын Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері де қолдады.
Олар Сандықтау ауылындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған жетімдер үйіне барып, балаларға ертегілер жинақтарынан бастап Қазақстан туралы энциклопедиялар мен альбомдарға дейінгі түрлі жастағы балаларға сыйлықтар мен заманауи кітаптар үлестірді.
Балалар үйінде балалардың тұруы, оқуы және тәрбиеленуі, қызығушылықтары бойынша түрлі секциялар мен үйірмелерге қатысуы үшін барлық тұрмыстық жағдайлар жасалған. Кішкентай балалар сыйлықтарға қуанып қалды. Алғыс ретінде өз өнерлерін ортаға салды.
Еске сала кетсек, жыл басынан бері өңірде қайырымдылық көмекпен 11 мыңнан астам адам қамтылды.