Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қатерлі індеттің алдын алып, емдеуде ең тиімдісі – вакцина - АРҚА АЖАРЫ

Қатерлі індеттің алдын алып, емдеуде ең тиімдісі – вакцина

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықовтың ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы брифингі болып өтті.

– Әлем болып күресіп жатқан індетті жеңудің жалғыз жолы – вакинация, деген Нариман Ермекұлы қазіргі уақытта облыс бойынша коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялаудың ахуалы туралы жан-жақты баяндап берді.
Өңірімізде коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарға 25 медициналық ұйым стационарлық медициналық көмек көрсетеді, онда жұқпалы ауруларға арналған 2490 төсек-орын және 193 реанимациялық төсек болса, коронавирустық инфекцияға байланысты ауыр халде жатқан 196 науқасқа арналған орындар бар. Сондай-ақ, басқарма басшысының айтуынша, коронавирусты жұқтыру қаупін азайту мақсатында науқастарға қашықтықтан кеңес беруге арналған әр түрлі патологиялар ұйымдастырылған. Онда барлығы қашықтан 13051 кеңес, оның ішінде виртуалды кеңес және Денсаулық сақтау министрлігінің мамандарымен 168 және 2643 мессенджер арқылы ватсап, жеделхаттар, бейнеқоңырау шалулар болса, 6294 телефондық кеңес пен 3946 аудио консультациялар болған.
Науқастардың диспансерлік топтары үшін 150 мобильді бригадалар құрылып, жұмыс істеуде. Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанынан ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, «COVID-19» баспасөз орталығының жұмысы ұйымдастырылған. Онда денсаулық сақтау мәселелері бойынша әлеуметтік желілерді бақылау және талдау мәселелері қарастырылған.
Бүгінгі күнге дейінгі мәлімет бойынша облыста COVID-19-дан зертханалық жолмен расталған 35 538 жағдай тіркелсе, бұл көрсеткіш өткен аптада 30148 болған екен. Яғни, қауіпті індеттің 6,3 пайызға өскені байқалады. Олардың ішінде 27690-ында коронавирустық індетті жұқтырған болса, 7848 адам қауіпті вирусты тасымалдаушылар. Ал, 190 адам осы қауіпті індеттен көз жұмған. Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен аптада 151 деп тіркелгеніне қарағанда, 9 пайызға өскені өкінішті-ақ.
Қазіргі таңда 1023 науқас стационарлық, 4483-і амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Қауіпті індетпен ауырған науқастардың жалпы санынан 20 527-сі немесе 58 пайызы емханаларға өздері барып тексерілгенде анықталған. Бұл да өткен аптаға қарағанда 7,7 пайызға өскен. Ал, 11 460 адам коронавирус жұқтырғандармен байланыста болса, 3286-сынан профилактикалық скринингке тексерілу кезінде анықталған. Мұның да өсімі әжептәуір екен.
Брифинг барысында Нариман Сыздықов өңіріміздегі вакцинация алу барысына да тоқталды. Облыста 133 вакцинация-лау орталығы мен 135 мобильді топ ұйымдастырылған. Вакцинациялауға 564 медицина қызметкері оның ішінде 200 дәрігер, 390 фельдшер тартылған. Сонымен қатар, вакцинациялау жұмыстары бойынша 11 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді.
Бүгінде вакцинация – бұл бүкіл қоғамды қорғау және коронавирустық инфекцияны жеңудін жалғыз дәлелденген әдісіне айналуда. Сондықтан, өңіріміздің барлық тұрғындарын вакцинация алуға шақырған Нариман Ермекұлы журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар