Жаңа көліктер сатып алынуда

«Қазпошта» АҚ Ақмола облыстық филиалының автокөлік инфрақұрылымы 7 қызметтік машинамен толығады.

Олардың 4-уі өңірге жеткізіліп, жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетпек. Жүк көтергіштігі 1,5-3 тонналық қос көлік және бір брондалған инкассациялық машина аудандық және ауылдық бағыттар бойынша қатынайды. Бір көлік аймақ бойынша жеткізу қызметіне жөнелтіледі. Ұлттық пошта операторы өндірістік қызметті жүзеге асыру үшін өңірлік филиалдардың автопаркін одан әрі толықтыруда. Жаңа автокөліктерді сатып алу пошта жөнелтілімдерінің қызмет көрсету сапасы мен жеткізу жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Қосымша 3 жаңа көлік өңірге қазан айында жеткізіледі.

Көлік паркінің жаңартылуы көлік құралдарын күтіп-ұстау шығындарын қысқартады және клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті бізбен әңгімесінде «Қазпошта» Ақмола облыстық филиалының директоры Қайрат Бекенов.

«Қазпошта» АҚ осы жылы өзінің автокөлік паркінің 11 пайызға жуығын жаңартып, 200-ден астам жаңа машина сатып алады. Олардың 83-і бүгінде өңірлерге жеткізілді. Жаңа көліктер облыс орталықтарының, аудандар мен ауылдардың тұрғындарына хат-хабарлар мен сәлемдемелер жеткізуге бағытталады. Компания автопаркі әртүрлі модификациялы және жүк көтергіштігі бар көлік құралдарымен толықтырылады. Олар жүк көтергіштігі 500 келіден 8 тоннаға дейінгі тұтас металл және өнеркәсіптік тауарлық фургондар, броньдалған және жеңіл автомобильдер. Олардың барлығы Қазақстанда құрастырылған.

Қазпошта цифрлық трансформация аясында көлік инфрақұрылымын жаңартумен қатар, технологиялық ресурстарды дамытуға, өндірістік қуаттылықтарды кеңейтуге, цифрлық қызметтерді енгізуге баса назар аударып отыр. Мұның барлығы қызмет сапасын арттыруға бағытталған.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар