Президент: Екпе алуға қарсы үгіттеп жүргендердің жетегінде кетпеуіміз керек

Екпе алуға қарсы үгіттеп жүргендердің жетегінде кетпеген жөн. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде вакцина қоры жеткілікті. Азаматтарымыздың таңдау мүмкіндігі бар. Көптенелдердің бұған қолы жетпей отыр. Елімізде жаппай екпе салу жүріп жатқанымен қоғамда оған қарсы адамдар әлі де көп. Олар өздері бас тартып қана қоймай халықты кері үгіттеуде. Соның кесірінен қаншама жұртты адастыруда. Мұндай адамдар өзін ғана емес, өзгенің өмірі үшін де жауап беретіндігін түсінуі тиіс. Сондықтан екпе алуға қарсы үгіттеп жүргендердің жетегінде кетпеген жөн. Адамзат көптеген індетті бастан өткерген. Вакцина пайда болғаннан кейін ғана қауіпті індеттерге тосқаулы қойылғанын ұмытпауымыз керек», – деді Мемлекет басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар