Ақмола облысында шомылу маусымының қорытындысы шығарылды

Облыстық ТЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Доспаевтың айтуынша, суға шомылу маусымы басталғаннан бері жүргізілген алдын алу жұмыстарына қарамастан құтқарушылар 80 адамның өміріне араша түскен, оның ішінде 11 бала. Сонымен бірге, 32 адам ажал құшса, оның 7-і кәмелетке толмағандар.

«Жыл сайын шомылу маусымы басталғанға дейін рұқсат етілмеген жерлерде тыйым салынған белгілер орнатылады, бірақ қала тұрғындары оны елемей, өз өмірлеріне қауіп төндіреді. Суда адамдардың қаза болуымен тіркелген оқиғалардың негізгі саны демалыс және мереке күндеріне келеді, онда 20 адам қаза болды, жалпы санының 62 пайызын құрайды», – дейді Қанат Доспаев.

Департамент басшысының орынбасары атап өткендей, шомылу маусымы аяқталғанына қарамастан, департамент су айдындарында адам өлімінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмысты жалғастыратын болады. Сонымен бірге, күзгі кезеңнің басталуымен аң аулау және балық аулау маусымы басталады.

Осыған байланысты су қоймаларында балық және аң аулау кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі негізгі ережелерді жеткізгім келеді. – Судың шетіне жақындағанда абай болу керек. Жағалаудан күтпеген жерден құлап кетуі мүмкін.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар