Ең төменгі жалақы мөлшерінің өскені дұрыс

Құрылыс саласында1000 жаңа мектепке дейін ұлғайту жоспарланды, бұл біздің балаларымыздың білім сапасын жақсартатыны сөзсіз.Жолдауда елдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсаттары мен міндеттері белгіленіп, нақты жұмыстар белгіленді. Экономика және бюджет саясаты, аграрлық сектор, білім беру, денсаулық сақтау, экология, тіл саясаты, жас мамандарды даярлау салаларында даму векторлары айқындалды. Бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақысы 2022 жылдан 2025 жылға дейін жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсетін болады. Сондай-ақ, алдағы жылдың басынан ең төменгі жалақы мөлшері 60 000 мың теңгеге дейін ұлғайтылатыны айтылса, бұл әрине, халықтың өмір сүру деңгейін арттырудың тағы бірқадамы екені белгілі.

Ел Президенті төмен мемлекеттік борыш пен резервтердің арқасында Қазақстан пандемия зардаптарын сәтті еңсеріп отырғанын да атап өтті.

Аудандық мәслихаттың депутаттық корпусы барлық мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл бойынша Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді орындауға қашан да атсалысатынын айтқым келеді.

 

Серік ШӘУЕНОВ,

Біржан сал аудандық мәслихатының хатшысы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар