Ақмола облысына QazVak вакцинасының 24 мың дозасы жеткізілді

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Шағыров брифингте мәлім етті. Оның айтуынша, вакцинаға разнарядка дайындалды, енді ол облыстың медициналық ұйымдарына тасымалданады.

«Ақмола облысына ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап барлығы 629190 доза вакцина жеткізілген, оның ішінде Спутник V – 487200, QazVak – 10990, HayatVax – 61000, СoronaVak – 48000, vero Cell – 22000. Осы мөлшердің ішінде бірінші компоненттің вакциналарының 332595 дозасы және екінші компоненттің 296595 дозасы», – деді Н.Шағыров.

Жалпы, ақпан айынан бастап бірінші компонентке 264741 адам немесе 64,4 пайызы екінші компонентке 221296 адам немесе 53,8 пайыз егілді.
«Бүгінгі күні облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарының 18 168 қызметкері егілді, оның ішінде 6946 жүйе құраушы кәсіпорындардың қызметкерлері, 83 пайызы педагогтер, 37 пайызы студенттер, 100 пайызы мемлекеттік қызметкерлер, 100 пайызы созылмалы аурулары бар адамдар, 75 пайызы МӘМ қызметкерлері мен қамқорлықтағылар», – деп қосты Н.Шағыров.

Бүгінгі таңда аймақта вакциналардың бірінші компонентінің 67834 дозасы (Спутник V – 51614, QazVak-12254,VerоCell – 4730) және вакциналардың екінші компонентінің 752792 дозасы (Спутник V – 49040, Hayat Vax – 950, QazVak – 13306, СoronaVak – 1003,vero Cell – 10980) бар.

Нұрлан Шағыров атап өткендей, 2021 жылғы 27 тамызда өңірдің денсаулық сақтау басқармасының қоймасына 22600 доза-V Спутник (2 – компонент) вакцинасы түсті, 2 қыркүйекте QazVak – 24000 доза вакцинасы жеткізілді. Вакциналарға разнарядка дайындалған, ол облыстың медициналық ұйымдарына тасымалданады.

Өңірде 133 егу пункті мен 135 мобильді бригада жұмыс істейді. Вакцинацияға 564 медицина қызметкері, оның ішінде 200 дәрігер және 391 орта медицина қызметкері тартылған. Сонымен қатар, Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бурабай, Ерейментау, Есіл, Жарқайың, Зеренді, Қорғалжын және Целиноград аудандарындағы 11 жылжымалы медициналық кешен вакцинациялауға жұмылдырылған.
Жалпы, облыста короновируспен ауырып жатқан 89 науқастың жағдайы ауыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар