Тіл байқауының жүлдегерлері марапатталды

«Достар» мәдениет сарайында «Тіліміздің теңдігі – ұлтымыздың елдігі» тілдер онкүндігінің ашылу салтанатты өтті.

Шарада Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Серік Құдабай жиналғандарды тілдер мерекесімен құттықтап, «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» облыстық конкурсына қатысқаны үшін республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Ақмола облысы бойынша меншікті тілшісі Байқал Байәділов, облыстық «Акмолинская правда» газетінің тішісі Нина Митчинова, қалалық «Көкшетау» және «Степной маяк» газеттерінің тілшілері Әсем Құлжанова, Аружан Сатабалдинова, ардагер журналист Сайлау Көшкенұлы, «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Аслан Оспановқа облыс әкімінің алғыс хаты және тауар сертификатын табыс етті.

Сонымен бірге, Ақмола облысының жергілікті қаламгерлері арасында өткен балаларға арналған қазақ тіліндегі үздік шығармалар облыстық онлайн байқауының марапаттау рәсімі де өтті.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, тілдер онкүндігі биыл жаңаша форматта өтеді. Дәстүрлі акциялардан бөлек жастар челендждері да ұйымдастырылатын болады.
Көкшелік көрерменді осы онкүндікте есте қаларлық тамаша шаралар күтіп тұр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар