Ақмолалық спортшылар ТМД елдерінің ойындарында қоржынға үш медаль салды

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Қазан қаласында (Татарстан) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің алғашқы ойындары өтіп жатыр. Оған Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Өзбекстан республикалары және Ресейден келген 1 139 спортшы қатысуда. 14-23 жас аралығындағы атлеттер спорттың 16 түрінен бақ сынауда.

Әйелдер күресінен ақмолалықтар үш медаль жеңіп алды. Күміс жүлдеге Эллада Махяддинова (53 келіге дейін) және Альбина Қайыргельдинова (68 келіге дейін) қол жеткізсе, 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырының үшінші сатысына Ирина Кузнецова көтерілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар