Құрметті ақмолалықтар!
2013 жылы еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен елде Отбасы күні мерекесі бекітілді, ол қыркүйек айының екінші жексенбі күні атап өтіледі.
Барлық ақмолалықтарды Отбасы күнімен құттықтаймын!
Қай кездері болсын, отбасы сүйіспеншіліктің, түсіністік пен құрметтеудің қайнар көзі, қоғамның негізі болып келеді. Біздің әрқайсымыз үшін ол өмірдегі ең басты, әрі сенімді тірегіміз, одан біз рухани қуат аламыз, өз-өзімізді танимыз.
Отбасында адамның ішкі әлемі, оның мінез-кұлқы, тұлғалық қасиеттері қалыптасады, түптеп келгенде, барша еліміздің әл-ауқатының негізі қаланады.
Отанға деген сүйіспеншілік осы от басы, ошақ қасынан басталады. Туған шаңырағыңда алған тәрбие – барша халықтың салауаттылығы мен табысты болашағының кепілі.
Осы айтулы күні барша ақмолалықтарға мейірімділік пен парасаттылық, бейбіт өмір мен ашық аспан тілеймін. Денсаулықтарыңыз зор болып, үйлеріңізден бақыт, бақ пен береке кетпесін!