Ақмолалық боксшы – Азия чемпионатының жүлдегері

Жасөспірімдер мен жастар арасында Дубайда өткен Азия чемпионатында Қазақстаннан барған боксшылар топ жарғаны белгілі. Соның ішінде Ақмола облысынан қатысқан Виктор Литвинов 70 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды.

Қазақстан құрамасының еншісінде 19 алтын, 15 күміс және 15 қола медаль бар. Атбасар ауданы Новосельское ауылының тумасы Виктор Литвинов тәжірибелі бапкер Азамат Мағзұмовтың басшылығымен жаттығады. Виктор Литвинов алғашқы күні рингте ирактық Әли Хасанаинмен бокстасып, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Жалпы, бокс федерациясы таратқан мәліметтерге сәйкес, ерлер командасында 8 бірдей спортшымыз алтын алды. Олар, Санжар Тәшкенбай, Нұрсұлтан Алтынбек, Әбдіғали Әбдікәрім, Ерасыл Ермек, Елнұр Сүйінбай, Абзал Серік, Бақберген Әлиасқаров және Темірлан Мұқатаев. Бұлардың арасынан қазақстандық Елнұр Сүйінбай техникалық тұрғыда ең үздік боксшы атанып, арнайы жүлдеге ие болды. Бұдан бөлек, Мәди Әміров пен Даниал Сапарбай күміс медальді жеңіп алса, Арман Алматұлы мен Дәурен Мамыр қола жүлдегер атанды.
Дәл осы Дубайда өткен чемпионатта боксшы қыздарымыз да 12 медаль жеңіп алып, ерлік жасады.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар