Көкшетауда «Өз ойыным» интеллектуалдық викторинасы өтті

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, шараны Шараны облыстық жастар ресурстық орталығы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған онкүндік аясында ұйымдастырды. Онда балалар мемлекеттік тілді ғана емес, Қазақстан халқының басқа да тілдерін жақсы білетіндерін көрсетті.

Викторинаға әрқайсысы үш қатысушыдан тұратын бес команда қатысты. Студенттер тарих, әдебиет, мәдениет бойынша сұрақтарға жауап беріп, әртүрлі тілдердегі мақал-мәтелдер туралы білімдерін көрсетті. Ондағы мақсат студенттердің Қазақстан халқының мемлекеттік және басқа да тілдерін үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Сондай-ақ жастардың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамыту.

«Ойын жоғары деңгейде өтті. Әр команда қызығушылық пен белсенділік танытты, командада жұмыс істей алды. Балалар мемлекеттік тілді ғана емес, басқа тілдерді де жақсы білетіндерін көрсетті. Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және оларға табыс тілейміз», – деп атап өтті Жастар ресурстық орталығының маманы Ақылбек Ахметов.

Зияткерлік ойын соңында әр командаға ұйымдастырушылар атынан сертификаттар табысталды.

Айталық, өңірде Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігі аясында екі мыңға жуық түрлі форматтағы іс-шара өткізу жоспарланған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар