Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігі: Жас ақындардың айтысы өтті

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, айтыс Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігі аясында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбымен өтті.

Айтыстың мақсаты қазақ халық ауыз өнерін дамыту, жас ақындардың шығармашылық бастамаларын қолдау, жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеу.
Жыр додасында ақындар еліміздің егемендік жылдарындағы жетістіктері мен табыстарын, саяси тұрақтылықты, достықты, Қазақстан халқының бірлігі мен келісімін жырлады.

Айтысқа ақын Арман Бердалин, Көкшетау қалалық ақпараттық-кітапхана жүйесінің жетекшісі, ақын Қуаныш Оспан, «Көкшетау» газетінің бас редакторы, ақын, жазушы Серік Жетпісқалиев қазылық етті.

Айтыстың қорытындысы бойынша 3 орынды Абзал Жұмабек, 2 орынды Думан Самат, 1 орынды Ерасыл Жақсыбек иеленсе, айтысының жүлделі гран-при жүлдесіне Нұрмахан Жақып лайық деп танылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар